Жүктелуде...
 

Вильсон ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-12 07:53 - (1535 Оқылымдар)

Вильсон ауруы – тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Бұл ауру ағза тіндерінде мыстың жиналуынан туындайды. Мыстың шамадан тыс көп мөлшерде жиналуы бауыp мен нерв жүйесінің қызметін бұзады.

Туа біткен жүрек ақауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 07:45 - (13266 Оқылымдар)

Туа біткен жүрек ақауы - жүрек құрылымдарының және функцияларының бұзылуларына
байланысты пайда болатын ауру.
Жүрек қақпақшалардан, камералардан және олармен байланысқан тамырлардан тұрады.

Темекі шегудің зияндылығы және шылым шегуді қалай доғаруға болады

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 05:45 - (4979 Оқылымдар)

Темекі – ол жендет. Мектепте баршамызға бір грамм никотиннің өзі жылқыны өлтіретіні жайында айтылғаны мәлім. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, онда сіздің бойыңызда түрлі аурулардың дамитыны сөзсіз. Және сіз темекі шексеңіз, шекпеген кездегі өміріңізбен салыстырғанда өмірмен ертерек хош айтысуыңыз мүмкін. Темекі шегу адам ағзасының кез-келген мүшесінің ауруларына әкеп соғады. Әлемдегі бес өлімнің біреуі темекінің салдарынан келіп жатады екен. Темекі шегу өкпе эмфиземасына себеп болады және жүpек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ жүктілік пен туа біткен деформацияларды да дамыту қаупін айтарлықтай арттырады. Түбінде, темекі шегу адам бетіндегі әжімдердің пайда болуын тездетеді, сондықтан темекі шегетіндердің терісі шылым шекпейтіндердің терісінен қарағанда едәуір кәрі көрініп тұрады.

Қалыпты салмақты қалай ұстап тұруға болады және семіздікпен қалай күресеміз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 04:39 - (2932 Оқылымдар)

Қазіргі әлемдегі ең маңызды проблемалардың бірі семіздік болып отыр. Дамыған елдерде 10 адамнан 3-і семіздіктен зарбап шегуде, бұл олардың салмағы салауатты салмақтың ең жоғары шегінен 20 пайызға артық екенін білдіреді.

Семіздік денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіріп, түрлі мүшелеріміз бен сүйектерімізге шамадан тыс салмақ түсіреді. Мысалы, артық салмақ бел мен тізенің ауыруына, сондай-ақ тыныс алудың қиындауына себеп болады. Семіздік, коронарлық жүpек ауруы, инсульт, жоғары қан қысымы сияқты өмірге қауіп төндіретін аурулардың қаупін арттырады. Семіз адамдарда, әдетте, қанындағы холестериннің мөлшері көп болады, бұл атеросклерозды тудырады - қан тамырларындағы майдың жинақталуына әкеледі. Атеросклероз инфаркқа және инсультке соқтыруы мүмкін.

Физикалық жаттығулардың қандай пайдасы бар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-08 04:20 - (8224 Оқылымдар)

Дене белсенділігінің жүрек ауруының қаупін едәуір төмендететіні дәлелденді. Қозғалыс біздің жүрегімізді тынығуға көмектеседі екен. Аз қозғалатын өмір салты ұстанатын адамдардың жүрегі, белсенді адамдарға қарағанда әлдеқайда көбірек күш жұмсауға мәжбүр. Өте аз қозғалатын адамның жүрегі қанша аз қозғалыс жасаған сайын минутына 80 есеге дейін қысыла береді екен. Алайда, белсенді адамдарда жүректің қысылу ырғағы минутына 60-70 соққы алады. Бұл тәулігіне шамамен 85 мың жүрек қысылуын, ал аз қозғалатын адамдарда жүрек күн сайын 110 мыңнан астам рет қыссылуға мәжбүр болады. Салыстыру үшін, егер сіз күн сайын автокөлігіңізде шамамен 100 шақырым жүрсеңіз, онда бұл айырмашылық шамамен 30 километрге тең.

Ұйқының қануы – саулықтың кілті

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-05 06:24 - (1498 Оқылымдар)

Ұйқының толық қануы денсаулық үшін аса маңызды. Ұйықтағанда ағза тынығады, жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, иммундық жүйенің «қуатталады», негізгі органдардың жұмысы қайта қалпына келеді, ал ескі жасушалар жаңаларға ауыстырылады. Сіздің ақыл-есіңіз тыныш, жаңа деңгейге ауысады.

Ал керісінше ұйқы қанбаса ағза үшін ол зиянды болып қалуы мүмкін. Түнгі тыныш ұйқы - бұл тегін ләззат алу, ал ұйқының жетіспеушілігі сіздің денсаулығыңыз үшін қымбат тұрады. Өкінішке қарай, көптеген адамдар ұйқысыздықтан зардап шегеді, сондықтан денсаулығына байланысты проблемалар туындайды.

Күйзеліс (стресс) және онымен қалай күресу керек

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-05 05:41 - (16815 Оқылымдар)

Күйзеліс (стресс) – бұл адамның өмірдегі түрлі жағдайларға қалыпты физиологиялық реакция танытуы. Үйленуге байланысты немесе жұмыс барысында орын алатын күйзелістер оңтайлы болып саналады (яғни, ол адамда болып тұратын жағдайлар, аса мән бермесе де болады) Сонымен қатар, күйзеліс көбінесе жағымсыз жаңалықтармен, дау-дамай немесе жұмыстан айырылу, көшедегі кептеліс секілді өзге де жағымсыз нәрселермен астасып кетіп жатады.

Гиппель-Линдау ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:34 - (559 Оқылымдар)

Гиппель-Линдау ауруы сирек кездеседі. Бұл ауру – генетикалық ауру, ағзада ісік және жылауықтың өсуімен сипатталады. Ісігі – қауіпті және қауіпсіз болып екіге бөлінеді. Олар омыртқа және бас миды, бүйректі, ұйқы безін, сондай-ақ ерлердің жыныстық мүшесін зақымдайды. Аурудың симптомары олардың орналасу ерекшелігі мен көлеміне байланысты болады. Симптомдары – бас ауруымен, жүрістен жаңылу проблемаларымен, бас айналумен, аяқ-қолдың әлсіреуімен, көрудің нашарлауымен және жоғары артериялық қысыммен сипатталады.

Гиппель-Линдау ауруын барынша ерте анықтап, емін қолға алу керек. Әдетте бұл ауруды хирургиялық жолмен, кейде сәуле терапиясымен емдейді. Ең басты емдеу шарасы ісікті ерте бастан қайтаруға бағытталады. Егер ісік үлкеймей тұрып, денсаулыққа залалын тигізбей тұрып емдессе ауру адам өміріне қауіп төндіре қоймайды.

Анаболикалық стероидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:26 - (1225 Оқылымдар)

Анаболикалық стероидтердің құрамы ер адамдардың жыныстық гармондарына ұқсас болып келеді. Ерлердегі гормоналды бұзылыстарды емдеу, жыныс гормондары кеш жетілгенде және кейбір аурулардың себебінен бұлшық ет массасы жоғалған жағдайларда жүргізіледі. Культуристер мен спортшылар, оларды бұлшық еттерінің массасын көбейту үшін және спорттық қабілеттерін жақсарту мақсатында жиі пайдаланады. Алайда, мұндай мақсатта пайдалану қауіпті.

Лейкодистрофия (Александера ауруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:20 - (161 Оқылымдар)

Лейкодистрофия – ми жасушаларына қатысты, сирек кездесетін ауру түрі. Бұл ауру миелинді қабықшаны – электроқшаулағыш қабықты, мидың қорғаушы және жақпқыш қабықтарынның зақымдануынан туындайды.

Тілді таңдау