Жүктелуде...
 

Пиелонефрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:55 - (103 Оқылымдар)

Пиелонефрит — бүйрек түбегінің, тостақшасының, паренхимасының қабыну ауруы, түрлі бактериялардан туындайды, көбінесе, ішек таяқшасынан.
Бүйректер – жұпты ағза, несеп түзілу қызметін орындайды. Несепқап (қуық) – іш қуысының төменгі бөлігінде орналасқан қуыс ағза. Онда бүйректің өндіретін сұйық қалдығы - несеп жинақталады.

Қуық асты безінің аденомасы (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:21 - (157 Оқылымдар)

Қуық асты безінің аденомасы немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы- қатерсіз ісік, қуық асты безінің безді эпителийінен немесе стромалық құрамбөлігінен дамиды.

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1210 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Цистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 07:49 - (330 Оқылымдар)

Цистит – қуықтың сілемей қабатының қабынуы (сондай-ақ, қараңыз: Несепқап (қуық) инфекциясы). Бұл несеп-жыныс ағзаларының ішіндегі ең кең таралған қабыну ауруларының бірі. Әйелдердің 20-25 % циститтің қандай да бір түріне шалдығады, ал 10 % созылмалы циститтен зардап шегеді, бұл сан жыл сайын үздіксіз арта түсуде. Ерлер бұл аурумен сирек ауырады – цистит ерлердің 0,5%-да кездеседі.

Циститтің алғашқы және екінші, жіті және созылмалы, жұқпалы және жұқпалы емес түрлері болады.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау