Жүктелуде...
 

Үрпінің тарылуы (Несеп шығару жолдарының тарылуы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 10:17 - (60 Оқылымдар)

Үрпінің тарылуы – несеп шығару арнасының тарылуы немес кішіреюі. Бұл жайсыздық ерлерде жиі кездесіп жатады, ал әйелдерде сирек ұшырасады.
Бүйектен шыққан әрбір несеп тамшысы несеп жолымен қуыққа түседі. Қуық – бұл екі шаптың ортасында, үстіңгі жағында орналасқан жыныс мүшесі. Одан несеп шығарылады. Қуық үш қабаттан тұрады: сыртқы ұйыма қабығы, бұлшық еттік қабат, ішкі шырышты қабық. Бұлшық еттік қабат қысылғанда несеп шығарылады. Несеп қуықтан басқа түтік арқылы – несепағар арнасы (үрпі) арқылы шығарылады. Әйелдердің үрпісі жатыр қақпасы алдындағы, клитор алдынан, жыныс жырығынан, екі кішкене еріншенің отрасындағы сыртқы тесіктен ашылады. Ал ерлердікі, жыныс мүшесінің басынан ашылады. Әйелдердің несеп ағар арнасы тек несеп шығару қызметін атқарады. Еркектердің ағзасындағы үрпі несеппен қатар, шәует шығару қызметін де атқарады.

Бүйректің қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:08 - (354 Оқылымдар)

Бүйрек – асқазанның төменгі бөлігінде, омыртқаның екі жағында орналасатын сыңар мүше. Нақты орны - құрсақ қуысының артқы жағы болып саналады. Әр бүйректің көлемі жұдырықтай болады. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.

Бүйрек – зәр шығару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Оның қызметі – зәрмен бірге қаннан шлактар мен артық суларды бөліп шығарады. Зәр әр бүйректің орталық бос кеңістігіне жиналады. Сосын, бүйрек пен қуықты жалғастыратын несепағар арқылы қуыққа құйылып, қуықтан зәр шығару түтігі арқылы сыртқа шығады.

Тағы бір айта кетерлігі бүйрек қан қысымын тепе-теңдікте ұстайтын және эритроциттердің түзілуіне әсер ететін химиялық заттарды да өндіреді.

Простатит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:23 - (49 Оқылымдар)

Простатит – бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы болып табылады. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.

Жиі простатиттің себебі белгісіз болып жатады. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес.
Простатиттің себебі инфекция немесе инфекциямен байланысты емес қабыну болуы мүмкін. Ол жедел (қысқа мерзімді) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) болуы мүмкін.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 04:23 - (65 Оқылымдар)

Қуық асты безінің қатерлі ісігі – бұл қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуі. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі анықтаған жоқ, дегенмен олар қатерлі ісіктің даму қаупі жылдар бойы еселеніп және отбасылық анамнез салдарынан өсуі мүмкін деп есептейді. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Сондай-ақ өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады.

Ересектердегі түнгі энурез немесе шыжыңдығы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 03:35 - (120 Оқылымдар)

Түнгі энурез (шыжыңдық) (NE) - ұйқы кезінде өздігінен зәр шығару. Зерттеулер негізінде, ересектердің кем дегенде 2% түнде өзіне ие бола алмай зәр жіберіп қоятын көрнеді. Түнгі шыжыңдықты никтуриядан ба немесе қуықты болсату үшін түнгі ұйқыдан турудың қажеттігі (екі немесе одан да көп рет тұруға мәжбүр болу) басым болғаннан ба, саралап алу керек. Шыжыңдықтың бір-бірінен сараланатын әрқандай түрі бар.

Біріншілікті (ұзақ сақталушы) түнгі шыжыңдық - бұл бала кезде дамитын ауру, ол егер баланың «құрғақ» кезеңі 6 айдан артық аспай жатса бақыланады. Шамамен 18 жастан асқан ерлер мен әйелдердің 2-3% -ында шыжыңдықтың осы түрі байқалады.

Шәует қуықшасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:30 - (94 Оқылымдар)

Шәует қуықшасы – қуықасты безінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, жұп қапшық тәрізді мүше. Қызметі – өзінен қоймалжың сұйықтық бөлу арқылы ұрық жасушаларын (сперматозоид) белсенділендіріп, сыртқа шығуына жағдай жасайды.

Шәуетбау

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 10:26 - (49 Оқылымдар)

Шәуетбау – сыртқы жыныс мүшесін (қуық) ұрық жасушаларымен қамтамасыз ететін және әр аталық безбен бекініп, белгілі қалыпта ұстап тұрушы мүше. Шәуетбауда қан тaмырлар (вена, артерия), жүйке жасушалары (нервтер), лимфатикалық түйіндер және ұрық жасушасы (сперматозоид) тасымалданатын түтікше болады.

Қуық асты безі (простата)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:09 - (49 Оқылымдар)

Қуық асты безі немесе простата– ер адамдардың репродуктивті жүйесінің бірі бөлігі болып табылады. Ол – тік ішек пен қуықтың арасында орналасады. Простата зәр ағып өтетін, зәр шығару жолдарының бойында орналасқан.

Қуық және зәр шығарушы жолдар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 09:40 - (53 Оқылымдар)

Қуық– құрсақтың төменгі жағында орналасқан қуыс мүше. Бүйректен шығарылған сұйық қалдықтар оған зәр түрінде жиналады. Ал несепағар арқылы әр бүйректен зәр өтеді.

Жатыр

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 07:49 - (51 Оқылымдар)

Жатыр – әйелдердегі өндірістік жүйенің бір бөлігі болып саналады. Бұл мүше алмұрт тәрізді болып келеді, онда - ұрық дамиды. Жатыр – қуық пен тік ішектің арасында, кіші жамбас қуысында орналасқан.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау