Жүктелуде...
 

Аноректалдық қатерлі ісік

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-13 10:03 - (101 Оқылымдар)

Аноректалдық қатерлі ісік – қатерлі ісіктердің сирек түрі. Айналшық (анус) – ас қорытy жолдарының төменгі ұшындағы саңылау, ол арқылы организмнен нәжіс сыртқа шығарылады. Ол тік ішектің ұшында терінің сыртқы қабатымен қалыптасқан. Аноректалдық қатерлі ісік – айналшықтың тіндерінде қатерлі ісік жасушалары пайда болатын ауру.

Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 05:09 - (408 Оқылымдар)

Ана сүтімен қоректендіру балаға зор пайда әкеледі. Ана сүтінде баланың сау және мықты болып өсуіне қажетті қоректік заттектер бар. Сонымен қатар, ана сүтінде болатын кейбір заттектер баланы кейбір аурулар мен жұқпалардан қорғайды. Бұл ананың денсаулығын да қолдайды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуы баласын емізген аналарда сирек кездеседі.

Сау әйелдер баласын кемінде, алғашқы алты ай бойы емізгені дұрыс. Белгілі бір жағдайларда бұл жарамды емес, мысалы, АИТВ инфекциясы немесе белсенді сатыдағы туберкулез болса, анасы баласын емізбегені жөн, себебі, жұқпа берілуі мүмкін.

Белгілі бір дәрілік құралдар, тыйым салынған есіткілік заттектер немесе алкоголь да ана сүті арқылы түсіп, балаға зиян әкелуі мүмкін.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныстық аумақтағы сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 06:51 - (76 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.

Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.

Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау