Жүктелуде...
 

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныс мүшесіндегі сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:36 - (236 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – бұл сүйелдердің пайда болуына ықпал ететін кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, ол осы инфекциясы бар адаммен қатынаста болғанна жұғады. Олар қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып екіге бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпі бар АПВ жыныс мүшесіндегі сүйелдердің шығуына себеп болады. Жоғары онкогенді қауіпі бар АПВ қатерлі ісіктің, жатыр мойнының, сарпайдың, қынаптың және айналшықтың (анус) қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін. Ерлерде, жыныс мүшесі мен айналшықтың қатерлі ісігінің туындауына себеп болады.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, кей біреулерде симптомдары болмауы да мүмкін. Сіздің жеке дәрігеріңіз сүйелдерді емдеуі де немесе алып тастауы да мүмкін. Әйелдерде Папаниколау жұғындысы бойынша - (Pap-test), қатерлі ісікке шалдықтыратын жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауға болады.
Мүшеқапты дұрыс қолдану АПВ-ның таралуын толық жоймаса да, жұғуын, таралуын едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен де.

Тағамда ақуыздың жетіспеушілігінен шаштың түсуі.

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:04 - (119 Оқылымдар)

Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ. Алайда, көп жүйелі аурулар шаштың өсуіне кері әсер етеді, кейде шаштың түсуіне де себеп болады. Жіті ақуыз жетіспеушілігінен де шаштың өсуі нашарлап, кейін тіпті оның мүлдем жоқ болуына әкеледі. Ақуыздың жетіспеушілігі шаштың диффузиялық түсуіне – алопецияға әкеледі. Сондай-ақ, шаштың түсуіне, қатерлі ісікті емдеу кезінде химиотерапияда кеңінен қолданылатын цитотоксикалық дәрілердің әсері де болуы мүмкін.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныстық аумақтағы сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:33 - (81 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.

Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.

Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.

Акустикалық невринома (есту жүйкесінің невриномасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:44 - (242 Оқылымдар)

Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.

Жатыр мойнының дисплазиясы (эрозиясы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:13 - (249 Оқылымдар)

Жатыр мойнының дисплазиясы жатыр мойны бетіндегі жасушалардағы ауытқулы өзгерістермен сипатталады. Жатыр мойны – жатырдың қынаппен жалғасатын төменгі бөлігі.

Ауытқулы өзгерістер – қатерлі ісік емес. Бірақ, емделмеген жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігіне апаруы мүмкін.

Вульваның қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:40 - (66 Оқылымдар)

Вульваның қатерлі ісігі – сирек кездеседі. Ол вульва (сарпай) аталатын әйелдердің сыртқы жыныстық ағзасында пайда болады. Қатерлі ісік, әдетте, баяу, бірнеше жыл ішінде өседі. Алдымен, қатерлі ісік алды жасушалары вульваның терісінде өседі. Бұл вульваның интраэпителийлік неоплазиясы немесе дисплазиясы аталады. Интраэпителийлік неоплазия әрдайым қатерлі ісікке айнала бермеді, бірақ, оны ерте сатысында емдеу қажет.

Сілемей безінің қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:41 - (78 Оқылымдар)

Сілемей бездері түтіктер арқылы ауыз қуысына сілемей аталатын сұйықтықты бөледі. Сілемей тамақты ылғалдап, шайналуы мен жұтылуын жеңілдетеді. Бұл жайлы қорытылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, сілемей ауыз қуысын тазартады, оың құрамында микробтармен күресетін антиденелер бар.

Пенистің (жыныстық мүше - қасаның) қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:37 - (86 Оқылымдар)

Ерлердің репродуктивті жүйесінің ағзасы – жыныстық мүшеде пайда болатын қатерлі ісіктің түрі – пенистің (қасаның) қатерлі ісігі аталады.

Лимфома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 17:56 - (334 Оқылымдар)

Лимфома – лимфа жүйесінің қатерлі ісік ауруы.

Лимфа жүйесі – ағзалардың, тіндер мен жасушалардың кешені, олардың жұмысы организмді түрлі аурулардан қорғауға бағытталған.

Тілді таңдау