Жүктелуде...
 

Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі (колоректальді обыр)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:07 - (1033 Оқылымдар)

Көлденең жиек ішек және тік ішек – ас қорыту жүйесінің бөліктері болып табылады. Олар бұлшық етті ұзын түтікшені құрады, оны – тоқ ішек деп атайды. Көлденең жиек ішек – бұл тоқ ішектің 122-153 см ұзындықтағы бөлігін қамтиды, ал қалған бірнеше бөлігі тік ішектікі.

Аш ішекте жартылай қорытылған тамақ тоқ ішектің жоғарлаған бөлігіне түседі. Тоқ ішекте су мен тамақтық өнімдері сіңіріліп, қалған қалдық нәжіс тұзуге қатысады. Қалдық өнімдер тоқ ішектің қалған бөлігі арқылы тік ішекке барып, артқы анал тесігі арқылы сыртқа шығады.

Жатыр мойнының қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 03:49 - (5210 Оқылымдар)

Жатыр мойны - әйелдің өндірістік орны болып табылады. Ол жатырдың төмен орналасқан тар бөлігі. Жатыр – өзі толық бір мүше болып саналады, оның кейпі алмұрт тәріздес. Орналасқан жері - құрсақ құысының төменгі бөлігінде. Жатыр мойны жатырды қынаппен байланыстырады. Қынап мүшенің сыртқы айналасын толық қамтиы. Мойындық арна байланыстырушы түтік болып табылады. Ол арқылы әйелдің етеккірі кезінде жатырдағы қан қынапқа келеді. Жатыр мойнында да шышыш өндіріледі. Шырыш шәуеттің қынаптан жатырға қарай көтерілуіне жағдай жасайды. Жүктілік кезінде жатыр мойны іштегі ұрықты ұстап тұру үшін мығым жабылып тұрады. Босану кезінде мойындық баланы қынаптан шығару үшін керіледі (ашылады).

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 03:57 - (3263 Оқылымдар)

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУ ЖАЙЫНДАҒЫ ТҮСІНІК

Қатерлі ісік тіндерді түзетін, құрылым элементтерінен, жасушалардан басталады. Тіндер мүшелерді түзеді.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Көмей қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:04 - (3816 Оқылымдар)

Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Көмей қатерлі ісігі жайлы не білуге болады» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about throat cancer).

Көмей__ – мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, кеңірдектің жалғасы болып табылатын мүше. Оны сонымен қатар - дауыс қорабы деп те атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5Х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, өңештің алдында орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын, 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – жұтқыншақ деп аталады.

Терінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-19 02:54 - (215 Оқылымдар)

Меланома – бұл тері қатерлі ісігінің бір түрі. Меланоманың негізгі kөзі меланоциттер деп аталатын тері жасушалары болып табылады. Меланоманы жақсы түсіну үшін меланоциттердің, атап айтқанда, олар қандай функцияны орындайды және олар рак жасушаларына айналғанда не болатынын анықтау керек.

Сүт безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 05:19 - (556 Оқылымдар)

Сүт безі қабырғаларды жауып тұратын кеуде бұлшықеттерінде орналасқан. Әрбір сүт безі 15-20 бөліктен тұрады. Бөліктер көптеген кішкене кесектер құралған. Бөліктер сүт шығаратын кішкентай бездерді топтардан тұрады. Бөліктерден емізікке келетін «жол» деп аталатын жіңішке түтікшелер арқылы сүт ағады. Емізік, ареол деп аталатын дәл ортада орналасқан домалақ қоңырқай тері. Майлы тіндер бөліктер мен жолдардағы бос аралықтарды толтырады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 04:23 - (160 Оқылымдар)

Қуық асты безінің қатерлі ісігі – бұл қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуі. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі анықтаған жоқ, дегенмен олар қатерлі ісіктің даму қаупі жылдар бойы еселеніп және отбасылық анамнез салдарынан өсуі мүмкін деп есептейді. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Сондай-ақ өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады.

Ауыз қуысының қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:14 - (193 Оқылымдар)

Ауыз қуысының қатерлі ісігі ерінге немесе тілге әсер етеді. Ол сондай-ақ: беттің шырышты қабықшасына, ауыз қуысының сыртқы жағына, қызыл иекке, таңдайға әсер етуі мүмкін.

Ауыз қуысының обырының көпшілігі жалпақ жасушалы ісікпен байланысты болып келеді. Мұндай қатерлі ісік өте тез таралады.

Ауыз қуысының қатерлі ісігінің көпшілігі темекі мен оның басқа да түрлеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ, ондай зинды заттардан қатерлі ісікке шалдығу қаупі артады.

Алкогольдің әсері жайында

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-15 04:53 - (431 Оқылымдар)

Алкогольді тұтыну қаншалықты қызық болғанымен, ол ағзамызға соншалықты зиянды болып табылады. Бұл алкогольдің тұтынылатын мөлшеріне, адамның жасы мен басқа да факторларына, сондай-ақ белгі бір жағдайға байланысты. Алкогольді тұтынудың зиянды әсерлері баршамызға да белгілі. Бұл бауыp циррозының, асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің дамуына, қан қысымының жоғарлауына, сондай-ақ жарақаттар мен зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Алкогольге деген сезімталдығы жоғары адамдарға оны мүлдем қолданбау ұсынылады. Сондай-ақ, олардың қызметінің сипаты бойынша қозғалыстарды үйлестіруді және назар аударуды қажет ететін адамдарға алкогольден бас тарту ұсынылады.

Темекі шегудің зияндылығы және шылым шегуді қалай доғаруға болады

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 05:45 - (1803 Оқылымдар)

Темекі – ол жендет. Мектепте баршамызға бір грамм никотиннің өзі жылқыны өлтіретіні жайында айтылғаны мәлім. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, онда сіздің бойыңызда түрлі аурулардың дамитыны сөзсіз. Және сіз темекі шексеңіз, шекпеген кездегі өміріңізбен салыстырғанда өмірмен ертерек хош айтысуыңыз мүмкін. Темекі шегу адам ағзасының кез-келген мүшесінің ауруларына әкеп соғады. Әлемдегі бес өлімнің біреуі темекінің салдарынан келіп жатады екен. Темекі шегу өкпе эмфиземасына себеп болады және жүpек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ жүктілік пен туа біткен деформацияларды да дамыту қаупін айтарлықтай арттырады. Түбінде, темекі шегу адам бетіндегі әжімдердің пайда болуын тездетеді, сондықтан темекі шегетіндердің терісі шылым шекпейтіндердің терісінен қарағанда едәуір кәрі көрініп тұрады.

Тілді таңдау