Жүктелуде...
 

Нәрестенің құлағындағы жайсыздық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-04 08:17 - (103 Оқылымдар)

2-3 жасқа дейінгі нәрестелер ауырсынғанын сезсе де тілмен жеткізіп айта алмайды. Құлақтағы жайсыздықты суық тию кезінде, әсіресе басқа белгілер болғанда, мысалы қызба кезінде байқауға болады.

Нәресте құлағындағы жайсыздық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:48 - (72 Оқылымдар)

2-3 жасқа дейінгі балалар өздері сезіп тұрған ауырсыну сезімі туралы айта алмайды. Құлақтағы жайсыздықты, суық тию кезінде байқауға болады, әсіресе басқа белгілер болған жағдайда, мысалы қызба кезінде.

Нәресте құлағындағы жайсыздық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:48 - (71 Оқылымдар)

2-3 жасқа дейінгі балалар өздері сезіп тұрған ауырсыну сезімі туралы айта алмайды. Құлақтағы жайсыздықты, суық тию кезінде байқауға болады, әсіресе басқа белгілер болған жағдайда, мысалы қызба кезінде.

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:46 - (166 Оқылымдар)

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы- бұл бастың сыртқы қабатында және шашта пайда болатын саңырауқұлақ инфекциясы. Бұл ауру ағылшынша нұсқасында ringworms деп келеді, соның ішінде worms – құрт деп аударылады. Дерматомикоз пайда болған кезде кішкентай көпіршік құйылған бөртпелер құрттың пішініне ұқсап қалады. Бұл атау сол үшін берілген.

Үсу (үсіп қалу)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:44 - (725 Оқылымдар)

Үсу – терінің тоңуы және тері асты тіндердің суықтан қатуы. Бұл жағдай, адамда - (0°C)-тан төмен температурада ұзақ жүріп қалғанда болып жатады.
Адамға суықтың әсері әр кезде әр түрлі болады: жәй салқын температура, ауа райының күрт өзгеруі немесе ылғалданудан адамда мұздау сезімдері белгі береді. Көбінесе табан тоңа бастайды, білектер, құлақтар, мұрын және бет суықтың әсерінен айқын белгі береді. Ерлердің бұттары да мұздап кетеді, егер жылы киінбесе.

Ортаңғы құлақтың қабынуы – құлақтың өткір инфекциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-08 06:41 - (1898 Оқылымдар)

Құлақ инфекциясының жиі кездесетін түрі – ортаңғы құлақтың қабынуы (ортаңғы құлақ биологиялық ғылыми термин). Бұл ауру - ортаңғы құлақ қуысына суық тиіп, қабынғаннан және жасушалардың ісінуінен пайда болады. Ортаңғы құлақ дыбыс жарғағының дәл артында оқшауланған.
Суретте: Құлақ құрылысы көрсетілген
Асқынған құлақ инфекциясы аз уақыттың ішінде дамиды және ауыр түрде өтеді. Құлақ инфекциясы ұзақ уақыт немесе белгілі бір уақытта қайталанатын болса – хроникалық құлақ инфекциясы деп аталады.

Акустикалық невринома (есту жүйкесінің невриномасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:44 - (252 Оқылымдар)

Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.

Тұмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:26 - (477 Оқылымдар)

Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы, бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.

Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі.

Сыртқы құлақ инфекциясы («Жүзушінің құлағы»)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:19 - (154 Оқылымдар)

Сыртқы құлақ инфекциясы немесе сыртқы отит — құлақтың сыртқы бөлімінің қабыну ауруы.
Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балaларда жиі кездеседі.

Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін.

Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады.

Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).

Диффузды сыртқы отитте қабыну құлақ қалқанын, бүкіл есту каналын, дыбыс жарғағын қамтиды, құлақ маңындағы теріні де жиі қамтиды.

Шуылдың әсері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:39 - (79 Оқылымдар)

Маңайымызда шуыл көп: теледидардан радиодан, шөп шабатын немесе кір жуатын машинадан, т.с.с. әдетте бұл дыбыстар біздің естуімізге әсер етпейтін қауіпсіз деңгейде. Бірақ, тым күшті дыбыстар немесе олардың ұзақ уақыт бойы әсері зиянды болады. Олар ішкі құлақтың сезімтал құрылымын зақымдап, шуылдың әсерінен болатын естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Тілді таңдау