Жүктелуде...
 

Атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты туындайтын құлақ аурулары

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 04:13 - (124 Оқылымдар)

Құлақ аурулары сырттағы ауа қысымының жоғарылауы немесе азаюынан пайда болуы мүмкін, ал өз кезегінде ішкі ауа қысымы сол деңгейде қала бермек. Бұл ұшақтың ұшу биіктікті өзгергенде немесе сүңгуір судың астына түскенде немесе көтерілгенде орын алуы мүмкін.

Кандидоз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 03:52 - (112 Оқылымдар)

Кандидоз (ауыздың уылуы) – қабынбалы саңырауқұлақтық ауру, терінің және шырышты қабықтың, несеп-жынысы саңырауқұлақтың тоқтаусыз өсу орындары болып есептеледі. Кандидоз ашытқылы саңырауқұлақтық, кандида тегіндегі (Candida albicans) бактериясынан туындайды.

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:11 - (669 Оқылымдар)

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.

Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.

Секс және симметрия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:28 - (190 Оқылымдар)

Адамның денесі симметриядық қасиеттермен қамтамасыз етілген: сол жақ білек, дәл оң жақ білектен аумайды; сол құлақтың көлемі - оң құлақтың көлемімен бірдей. Дегенмен, әр адамның мінсіз симметриядан шағын ауытқулары да кездесіп жатады.

Пресбиакузис (кәрілердегі құлақ мүкістігі)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:28 - (75 Оқылымдар)

Кәрілердегі құлақ мүкістігі – жас шамасына байланысты жоғары жиіліктікті есту қабілетінің үдемелі түрде жоғалуы болып табылады. Бастапқы симптомы сөйлеуді қабылдаудағы қиындықтардың болуы (әсіресе фондық шу жағдайында).

Кәріліктегі есту қабілетінің жоғалуына нақты себептің бар-жоғы белгісіз, мысалға қатты шудың ұзақ уақыт болуы әсерін алсақ та. Алайда, бұл генетикалық бейімділік ретінде көрінеді, өйткені отбасылардағы адамдарда пресбиакузистің пайда болу үрдісі байқалып жатады.

Дабыл жарғағының жарылуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:05 - (124 Оқылымдар)

Дабыл жарғағының жарылуы - бұл жарақаттану нәтижесінде ішкі құлақтың мембранасында пайда болатын тесіктер немесе жарылу. Ортаңғы құлақта сұйықтықтың пайда болуының нәтижесінде дабыл жарғағы жарылуы мүмкін.

Тиннит – құлақтағы шуыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:27 - (313 Оқылымдар)

Тиннит – деп, жайшылықта құлаққа түрлі дыбыстардың естілуін айтады. Ол: ызыңдаған, дыңылдаған, шыңылдаған, ысқырылған дыбыстар болуы мүмкін. Олар кейде ақырын немес қатты, жоғары немесе төмен болып естіледі. Кейде бір дыбыс естілсе, кейде бірнеше дыбыс қатар естілетін жағдайлар да болады.

Эпидермалық жылауық (киста)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:25 - (117 Оқылымдар)

Эпидермалық жылауық немесе майлы жылауық - бұл терінің жоғарғы қабатының астында пайда болатын, ірімшік тәрізді майлы затқа (тері майына) толы қуыс. Бұл жылауықтар жиі бас, құлақ, бет, арқа, ұма терісінде пайда болады. Оның басты себебі, шаш фолликулы өзегінің бітеліп қалуы.

Паротит («мысқыл»)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:05 - (114 Оқылымдар)

Паротит (син. эпидемиялық паротит) - бұл вирустар шақыратын, құлақ пен жақ сүйегі арасында орналасқан сілекей (құлақ маңы) бездерін зақымдайтын, кейде ерлердің жыныстық бездерін де зақымдайтын (орхит) жұқпалы инфекциялық ауру. Бездер вирустардың әсерінен ісініп, қызметі төмендеп кетеді.

Құлақ құлығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:50 - (142 Оқылымдар)

Құлақ құлығы - бұл құлақ арнасын қорғау үшін бөлінетін табиғаи секреция. Тері мен шаш, органикалық қалдықтар (мысалы: сусабын мен кірлер) құлақтан бөлінетін құлықпен араласып шырышты қоспаға айналады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3

Тілді таңдау