Жүктелуде...
 

Темекі шегудің зияндылығы және шылым шегуді қалай доғаруға болады

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 05:45 - (1777 Оқылымдар)

Темекі – ол жендет. Мектепте баршамызға бір грамм никотиннің өзі жылқыны өлтіретіні жайында айтылғаны мәлім. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, онда сіздің бойыңызда түрлі аурулардың дамитыны сөзсіз. Және сіз темекі шексеңіз, шекпеген кездегі өміріңізбен салыстырғанда өмірмен ертерек хош айтысуыңыз мүмкін. Темекі шегу адам ағзасының кез-келген мүшесінің ауруларына әкеп соғады. Әлемдегі бес өлімнің біреуі темекінің салдарынан келіп жатады екен. Темекі шегу өкпе эмфиземасына себеп болады және жүpек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ жүктілік пен туа біткен деформацияларды да дамыту қаупін айтарлықтай арттырады. Түбінде, темекі шегу адам бетіндегі әжімдердің пайда болуын тездетеді, сондықтан темекі шегетіндердің терісі шылым шекпейтіндердің терісінен қарағанда едәуір кәрі көрініп тұрады.

Қалыпты салмақты қалай ұстап тұруға болады және семіздікпен қалай күресеміз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 04:39 - (1345 Оқылымдар)

Қазіргі әлемдегі ең маңызды проблемалардың бірі семіздік болып отыр. Дамыған елдерде 10 адамнан 3-і семіздіктен зарбап шегуде, бұл олардың салмағы салауатты салмақтың ең жоғары шегінен 20 пайызға артық екенін білдіреді.

Семіздік денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіріп, түрлі мүшелеріміз бен сүйектерімізге шамадан тыс салмақ түсіреді. Мысалы, артық салмақ бел мен тізенің ауыруына, сондай-ақ тыныс алудың қиындауына себеп болады. Семіздік, коронарлық жүpек ауруы, инсульт, жоғары қан қысымы сияқты өмірге қауіп төндіретін аурулардың қаупін арттырады. Семіз адамдарда, әдетте, қанындағы холестериннің мөлшері көп болады, бұл атеросклерозды тудырады - қан тамырларындағы майдың жинақталуына әкеледі. Атеросклероз инфаркқа және инсультке соқтыруы мүмкін.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:41 - (64 Оқылымдар)

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - деп, бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің, қан тамырлардың және сүйектердің жабық кеңістікте (аноматикалық куыста) ісініп, бірақ сол ісікке лайықты түрде керіле алмай қалған жағдайын айтады. Ісіктің қан тамырларға және жүйке жүйесіне, күре тамырға түсетін қысымы қатты ауыртады, бұлшықеттер мен жүйке жүйесіндегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына соқтырады

Бастағы кішкентай жарақаттың қансырауын тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:09 - (471 Оқылымдар)

Кішкене ауқымдағы бас жарақатынан қанды қалай тоқтатуға болады

Бет терісімен бас терісіне жақын орналасқан қан тамырларының көп болуына байланысты, бастағы кішкентай жарақаттың өзінен көп қан кетуі мүмкін. Мұндай көп түрдегі қансыраудан қауіптенуіңіз мүмкін. Бірақ, көп жағдайда жарақаттың ауыр болмауына байланысты, емдік шараларды үй жағдайында жасап, қанды тоқтатуға болады. Үйде емдеуге болады ма, жоқ әлде шұғыл түрдегі дәрігердің көмегі қажет пе, оны жарақаттың түріне қарап шешу керек.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау