Жүктелуде...
 

Вильсон ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-12 07:53 - (821 Оқылымдар)

Вильсон ауруы – тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Бұл ауру ағза тіндерінде мыстың жиналуынан туындайды. Мыстың шамадан тыс көп мөлшерде жиналуы бауыp мен нерв жүйесінің қызметін бұзады.

Шәуетбау

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 10:26 - (124 Оқылымдар)

Шәуетбау – сыртқы жыныс мүшесін (қуық) ұрық жасушаларымен қамтамасыз ететін және әр аталық безбен бекініп, белгілі қалыпта ұстап тұрушы мүше. Шәуетбауда қан тaмырлар (вена, артерия), жүйке жасушалары (нервтер), лимфатикалық түйіндер және ұрық жасушасы (сперматозоид) тасымалданатын түтікше болады.

Акустикалық невринома (есту жүйкесінің невриномасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:44 - (252 Оқылымдар)

Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.

Үштармақты нервтің невралгиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 12:10 - (102 Оқылымдар)

Үштармақты нервтің невралгиясы – жүйке жүйесінің ауруы, бұл кезде беттің кейбір бөлігінде қарқынды, электр тоғының соққысы секілді қатты бататын ауру пайда болады.

Шеткері артериялардың аурулары (ұстамалы ақсау, бітейтін атеросклероз, тромбангит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:31 - (90 Оқылымдар)

Шеткері артериялардың аурулары – аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларын нығайтуға және тарылтуға апаратын дерттік жағдай.

Тамырлардың саңылауының тарылуы олардағы қан ағымының азаюына апарады, бұл нервтер мен тіндердің зақымдануын туындатады.

Омыртқаның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:27 - (77 Оқылымдар)

Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.

Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.

Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

Нервтің тартылуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:50 - (85 Оқылымдар)

Нервтің тартылуы – бұл бұлшық еттің біреуінің немесе тобының күрт қайталанатын және еріксіз жиырылуы. Нервтің тартылуы көбінесе, қабақтың, жақтың немесе ауыздың шетінің тартылуымен немесе жыбырлауымен, көздің жыпылықтауымен, бет бұлшық етінің жиырылуымен көрініс береді. Кейбір жағдайда мұндай тартылулар таңдайдың дыбысымен, жөтеліңкіреумен, дыбыстарды немесе сөздерді айтумен (вокалды) қосарланады.

Мойынның қисаюы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:09 - (200 Оқылымдар)

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.

Глаукома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-23 02:32 - (243 Оқылымдар)

Глаукома – көру нервісінің зақымдануы. Глаукома тұқым қуалау бойынша берілуі мүмкін, бірақ, ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін.

Білезік канал синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 05:52 - (78 Оқылымдар)

Білезік канал синдромы білезіктің ортаңғы нервісісінің қысуынан болатын ауру. Симптомдары – саусақтардың, білезіктің шаншуы, ұйып қалуы, әлсіздігі немесе аурсынуы.

Жүктілік кезінде, гипотиреозда, диабетте, артритте,семіздікте қосарланған ауру ретінде білезік канал синдромы дамуы мүмкін. Дұрыс емес немесе ұзақ уақыт бойы білезік буынының қозғалысынан ортаңғы нерв қысылып, ісік пайда болуы немесе білізік каналы ішілік, білізік каналы маңындағы тіндердің қалыңдауына әкелуі мүмкін. Білезік канал синдромына шалдығатын ең жиі науқастар бұрын соңды білезік буынынан жарақат (әсіресе санықтар) алғандар болып табылады.

Тілді таңдау