Жүктелуде...
 

Миопия (жақыннан көргіштік)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:11 - (223 Оқылымдар)

Миопия дегеніміз не?

Миопияға (жақыннан көре алмау) ұшыраған адамның көзі жақын объектілерді анық көре алады, бірақ алыста орналасқан затты – бұлыңғыр көреді.

Миопияның жоғары сатысы дегеніміз не?

Миопияның жоғарғы сатысы - аурудың ауыр түрі болып саналады. Миопияның ауыр түрі кезінде көз алмасы созылып, ұзын болып созылады. Бұл көз торларында тесіктердің пайда болуына, жарылуына сондай-ақ оның қабаттанып кетуіне соқтыруы мүмкін. Көз торының астынан көру қабілетінің нашарлауына соқтыратын жаңа тамырлар түзілуі мүмкін. Миопияға ұшыраған адамдар медициналық тексеруден жиі өтуге мұқтаж. Ерте анықтау және уақтылы емдеу көрудің жоғалуын болдырмауға көмектеседі.

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:11 - (1179 Оқылымдар)

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.

Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.

Көзге желімнің түсуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:56 - (99 Оқылымдар)

Көзіңізге желім түскен жағдайда ол сізге қиындық тудырады, ал оны кетіру үшін жасалған емдер көзіңіздің зақымдалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген желімдерді сумен жуып кетіруге болады. Супер желімді медициналық жолмен кетіру қажет. Көздегі желімді кетіру үшін офтальмологқа қаралуға болады.

Бөгде зат

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-20 11:58 - (77 Оқылымдар)

Бөгде зат – шаң мен паразиттері бар, сіздің ағзаңызға енген зат. Егер сізге кез-келген тікенек қадалса, немесе, сіздің көзіңізге құм түсіп кетсе, дәл осылар бөтен затқа мысал бола алады.

Қылилық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:34 - (650 Оқылымдар)

Қылилық ауруы – екі көздің бірдей қозғалмауымен сипатталады. Яғни екі көз бір нысанаға бірдей түспейді. Бұл ауру көпшілікке «қыли көз» атымен белгілі.

Адамдарға көздің қалыпты орналасу тәртібі белгілі. Адамның қайда қарап тұрғанын көзінің қозғалысына қарап анықтауға болады. Ал екі көздің екі жаққа қарап тұрғаны адамдарға ерсі көрінетін жайт. Мүны қыли көздік деп атайды. Мұны медициналық терминологияда көздің іші мен сыртының үйлесімсіздігі деп атайды. Баланың көзі кез-келген жағдайда қылилана бастаса, оны дереу анықтау қажет, себебі ол өскенде үлкен бұзылыстарға апарып соғы да ықтимал.

Қабақ бұлшықеттерінің бұзылуы – птоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-15 08:35 - (575 Оқылымдар)

Бұл ауру - птоз деп аталады. Қабақың мезгілсіз түсіп кетуімен сипатталатын ауру.

Көз – сфералық форманы көру мүшесі. Ол сұйықтыққа толы болады. Көздің сыртқы қабаттары – ағы (ақ қабықша) мен жанар. Олар қорғаушы қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ал ең төменгі қабаты (қарашығы) жүйке жүйесінен, түс ажыратқыш түйсіктерден тұрады. Сондай-ақ жанардың артында орналасқан көздің шатырша қабығы бар, ал оның ішкі жағындағы дөңгелек кішкентай қара – көздің қарашығы деп аталады. Оның артында хрустальді қабық бар – ол линза формасындағы эластикалық дене. Оның басты міндеті – түс ажыратқыштығы. Коньюктив – бұл көздің шырышты қабығы, ол көзді жауып тұратын терінің ішкі жағы.

Фотофобия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:24 - (101 Оқылымдар)

Фотофобия – адамның жасанды немесе табиғи жарыққа қалыпты қарай алмауы. Бұл ақау көбінесе көздің құбылмалы қабығының қабынуынан, инфекция түскеннен, немесе шын айнаның (роговицы) зақымдануынан пайда болады.

Құрғақ кероконьюнктивит (Шегрен синдромы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:06 - (82 Оқылымдар)

Құрғақ кероконьюнктивит немесе Шегрен синдромы– жасты және сілекейді бөлетін бездердің бұзылуынан туындайтын аутоиммунды ауру. Нәтижесінде көз бен ауыз қуысының құрғауы пайда болады. Бұл ауру басқа да мүшелерге таралып, зақым келтіруі мүмкін, соның ішінде бүйрек пен өкпеге

Көздің торлы қабығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:38 - (258 Оқылымдар)

Торлы қабық (көздің ішкі торлы қабығы) – бұл көзге түскен жарықты қабылдайтын жүйке жүйесіндегі жұқа жарғақша.
Торлы қабықтағы жүйке жасушалары көру жүйкесі арқылы көздің не көріп тұрғандығы жайлы миға белгі береді.

Дальтонизм (Түсті ажыратпаушылық)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:09 - (164 Оқылымдар)

Дальтонизм– түс ажырата алмаушылық (түссоқырлығы), көздің түсажыратуқабілетініңбұзылуы.

Дальтонизм алғашрет 1794 жылыанықталды. Оны осы ақаудан зардап шеккен Дж.Дальтон сипаттады.Дальтонизм ерлердің 8% -ында , әйелдердің 0,5%-ында кездеседі. Адамның көз торының орталық бөлігінде «колба» деп аталатын түсажыратқыш жүйке талшықтары бар. Олар нәруыз текті түсажыратқыш пигменттерінің үш түрін қамтиды. Пигменттің бір түрі қызылды, екіншісі жасылды, ал үшіншісі көк түсті ажыратады. Дәлірек айтқанда, олар толқын ұзындығындағы қызыл, жасыл және көк түстердітүйсігімізге сәйкестендіріп береді. Осы үш түстің негізінде әлемдегі барлық түстердің «жынтығын» миымыз қабылдайды. Адамдағы бұл пигменттердің ең жоғары сезімталдық көрсеткіші толқын ұзындығында -қызыл түс үшін 552-557 нм, жасыл түс үшін 530 нм және көк түс үшін 426 нм көрсеткішімен белгіленген.

Тілді таңдау