Жүктелуде...
 

Вагинит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (133 Оқылымдар)

Вагинит (кольпит) - бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады. Оның алғашқы белгілері әйелдің жыныс мүшелері аймағында ашыту сезімі болады. Қатысты факторларға аналық бездің гипофункциясы, жеке гигиена ережелерін сақтамау жатады.

Вагиниттің жедел, жеделдеу және созылмалы түрде болады..Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне, сыртқы жыныс аймағының ашуына, қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады. Кез келген бөліндіні көрген сәтте, қатты қорықпаған абзал, өйткені бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін. Дәрігер гинекологқа қаралу қажет. Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуімен көрінеді. Бөлінділер су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу, ашу сезімі сезіледі. Әйел адам әрдайым жыныс мүшелері аймағында ауырлық пен жағымсыз сезінулер болады. Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады. Бұл жағымсыз әсерлерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды. Алайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. өткені бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты аурулармен сәйкес келеді.

Жүктілік кезінде қандай жағдайлар орын алады

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:21 - (1166 Оқылымдар)

Ұрықтану кезінде эмбрион жатырдың ішкі қабырғасына жабысады және ол жерде көлемі ақырындап үлкейіп, даму процессін бастайды. Акушерлік-гинекологияда ұрықтың нақты уақытын анықтау қиын, сондықтан эмбиронның жасын білу үшін соңғы етеккір келген күннен бастап, ұрық болып қалыптасқан алғашқы күнді есептеу арқылы тұжырымдама жасалынады. Жүктілік уақытын «гестанционды кезең» деп аталатын жолмен есептейді. Етеккірлік циклдің алғашқы 10 күні «аналық жасушаның жетілуі» (ovulytsiy ) деп аталады. Бұл уақытта аналық жасуша аналық безден фаллопиев түтігі бойымен жіберіледі, ол жерде аталық жасушамен (еркектің шәуетінің құрамында болатын ұрықтанатын жасуша) тоғысады, содан ұрық пайда болады, оны ұрықтану деп атайды. Ұрықтану кезінде аталық жасуша аналық жасушамен шағылысып ұрықтық тұқым түзеді, оны ұрықтанған жасуша (zigota) деп атайды. Бұл кезде ата-аналық (жұмыртқа) және әкесінің (ұрықтың) генетикалық материалдың (хромосомалардың) бірігеді: ұрықтың генетикалық материалы, ол ана мен әкесінің бірдей хромосомалары болып табылады. Сонымен қатар, зигота ары қарай екі клеткаға бөлінеді, содан кейін төрт, сегіз, он алты және т.б. жасушаларға бөліп отырады.

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1206 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Эндометрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 04:56 - (475 Оқылымдар)

Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының қабынуы. Бұл аурудың эндометриоздан айырмашылығы бар.

Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады.

Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ).

Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).

Тілді таңдау