Жүктелуде...
 

Балалардағы іш қатуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 06:35 - (133 Оқылымдар)

Іш қатуының себептері қандай?
Егер балаңыз талшығы аз тағамды тұтынатын болса, сұйықтықты аз ішсе, немесе аз қимылдайтын болса, іш қатуы пайда болады. Көптеген адамдарда іш қатуының себебі белгісіз болып қалуда. Нәжістің шығуы ауырсынатын болса, бала бұл үрдісті әдейі тежейді. Нәжіс шығуын тежеу іш қатуына апаруы мүмкін. Балаңыз дәретханада қараңғы болса, жалғыз қорқуы мүмкін. Кейбір балалар ойынды үзгісі келмегендіктен дәретханаға бармайды.

Тағамды қабылдауды нашарлатуға, дене белсенділігін азайтуға немесе қызбаның пайда болуына апаратын ауру іш қатуына апаруы мүмкін. Бұл мәселе сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін.

Балалардағы гастроэнтерит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 06:30 - (75 Оқылымдар)

Гастроэнтерит – құсу мен іш өтуінің пайда болуымен сипатталатын инфекция.

Гастроэнтерит вирустармен, бактериялармен немесе паразиттермен жұқпаланудан туындауы мүмкін. Ауруды кейде «асқазан бұзылысы» атайды, ол жұқпалы және балаларға күтім жасауда, мектепте жиі тарайды. Гастроэнтерит жиі жоғары температурамен (қызбамен) өтеді.

Балалар мен сәбилердегі пилоростеноз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 06:12 - (220 Оқылымдар)

Пилоростеноз – бұл асқазанның қақпасының тарылуы, оның салдарынан асқазаннан ішекке тамақтың өтуіне кедергі келеді.

Антидепрессанттар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 10:08 - (353 Оқылымдар)

Антидепрессанттар – депрессияны емдеуге арналған препараттар. Сізге оларды емдеуші дәрігеріңіз тағайындайды. Бұл препараттардың әрекет ету механизмі - мида өндірілетін белгілі бір химиялық заттектердің балансын қалпына келтіру. Олар бірнеше аптадан кейін тиімді әрекет ете бастайды. Антидепрессанттардың бірнеше түрі бар. Сізге жарамды түрін тапқанға дейін емдеуші-дәрігеріңіз олардың бірнеше нұсқасын тағайындауы мүмкін.

Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 05:09 - (527 Оқылымдар)

Ана сүтімен қоректендіру балаға зор пайда әкеледі. Ана сүтінде баланың сау және мықты болып өсуіне қажетті қоректік заттектер бар. Сонымен қатар, ана сүтінде болатын кейбір заттектер баланы кейбір аурулар мен жұқпалардан қорғайды. Бұл ананың денсаулығын да қолдайды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуы баласын емізген аналарда сирек кездеседі.

Сау әйелдер баласын кемінде, алғашқы алты ай бойы емізгені дұрыс. Белгілі бір жағдайларда бұл жарамды емес, мысалы, АИТВ инфекциясы немесе белсенді сатыдағы туберкулез болса, анасы баласын емізбегені жөн, себебі, жұқпа берілуі мүмкін.

Белгілі бір дәрілік құралдар, тыйым салынған есіткілік заттектер немесе алкоголь да ана сүті арқылы түсіп, балаға зиян әкелуі мүмкін.

12 айлық жастан асқан балалардың тұншығуында және қақалуында алғашқы жәрдем көрсету

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 03:42 - (71 Оқылымдар)

Баланың өмірін құтқару қажеттігінен аулақ боларсыз деген ойдамыз, бірақ, бұл жалпы өмірде орын алуы мүмкін жағдай. Балалар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Олар тамаққа қақалады, велосипедтен немесе түрлі қондырғылардан құлайды, қараусыз суға да ұмтылады.

Бұл сатылы нұсқаулық тұншығуда және қақалуда көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсетудің негіздерін түсіндіреді. Сәбилер мен балаларға алғашқы жедел жәрдем көрсетудің дұрыс әдістемесін үйрену үшін бірнеше сағат бөліңіз. Бұл әрекеттерді орындау әдістемесі баланың жасына қарай ерекшеленеді, дұрыс орындамау балаға зиян келтіруі мүмкін.

12 айлық жастан асқан балалардағы жасанды тыныс алдыру

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-10 10:21 - (124 Оқылымдар)

ЖӨР (СЛР) – жүpек-өкпе реанимациясы. Бұл шаралар тіршілік белгісін (естің немесе тыныс алудың болмауы) бермейтін адамдарды құтқаруға бағытталған.

12 айлық жасқа толмаған балалардың тұншығуында және қақалуында алғашқы жәрдем көрсету

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-10 09:54 - (86 Оқылымдар)

Баланың өмірін құтқару қажет болуынан аулақ боларсыз деген ойдамыз, бірақ, бұл жалпы өмірде орын алуы мүмкін жағдай. Балалар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Сәбилер тамақпен немесе ойыншықпен қақалуы мүмкін, су астында немесе бассейнде қалуы мүмкін, жіпке оралып қалуы мүмкін.

12 айлық жасқа толмаған балалардағы жасанды тыныс алдыру

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-10 08:02 - (166 Оқылымдар)

ЖӨР (СЛР) – жүpек-өкпе реанимациясы. Бұл шаралар тіршілік белгісін (естің немесе тыныс алудың болмауы) бермейтін адамдарды құтқаруға бағытталған.

Тілді таңдау