Жүктелуде...
 

Легга-Кальве-Пертес ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 17:35 - (121 Оқылымдар)

Легга-Кальве-Пертес ауруы балалық жаста пайда болады және ұршықбуынның аумағында (жамбастағы буын) және ортан жіліктің (жамбас сүйегінің буыны) басының зақымдануымен сипатталады.

Легга-Кальве-Пертес ауруы ортан жіліктің басындағы қан айналымының уақытша бұзылысында пайда болады. Қан ағымы бұзылған кезде тіндердің тіршілігі жойылады, бұл ортан жіліктің басының сынуына және нашар жазылуына апаруы мүмкін.

Ортан жіліктің басын буынның аумағында ұстап тұру үшін дәрігерлер емдеудің әр түрлі әдістерін қолданады.

Контрацепция және отбасын жоспарлау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:04 - (300 Оқылымдар)

Қандай контрацепция түрін таңдау түрлі факторларға байланысты, оның ішінде, денсаулыққа, жыныстық қатынастың жиілігіне, бала өрбітуге тілектің болуына.

Фимоз және парафимоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:24 - (956 Оқылымдар)

Сүндетке отырғызылмаған ерлерде пенистің ұшы «күпек» атауымен белгілі тері қабықшамен жабылған. Фимоз кезінде күпектің тарылуы пайда болады, ол жыныстық мүшенің ұшында тығыз тартылып, қайтадан орнына еркін қайта алмайды. Фимоз табиғи көрініс болуы мүмкін. Мысалы, 4 жасқа дейінгі ұлдарда әдетте, күпекті ысыру қиын. Жас адамдарда, ерлерде фимоз көбінесе күпектің қабынуына (баланит) немесе қант диабеті секілді басқа ауруларға байланысты болады.

Парафимоз күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, оны қысқанда пайда болады. Күпек өзінің бастапқы жағдайына қайтпайды және пенистің ұшын жаппайды. Бұл ісінудің, ауырсынудың, пенистің ұшына қан келуінің шектелуіне апаруы мүмкін. Егер күпек өзінің табиғи орналасу жағдайына қайтпаса, күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.

Балардағы ішек инфекцияларын емдеу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:57 - (72 Оқылымдар)

Іштің өтуін туындататын вирустық жұқпалардың көпшілігі әдетте, емдеусіз де жойылады. Үйде болып, сусыздануды болдырмас үшін сұйықтықты көбірек ішу қажет. Балада организмнің сусыздануы дамыса, ауруханаға жатқызып,іш өтуінен, құсу мен қызбада жоғалтқан сұйықтықты толықтыру үшін оны тамыр арқылы енгізу қажет болуы мүмкін.

Дәрігерге көрінгенде, баланың нәжісіне талдау жасау қажет, бұл инфекцияның түрін анықтау үшін қажет. Дәрілік препараттарды қабылдау қажеттілігі аурудың себебіне байланысты. Егер балада паразиттік инфекция болса, дәрігер паразиттерге қарсы препараттарды тағайындайды. Вирустардан және бактериялардың көптеген түрлерінен болған ішек инфекциялары емдеуге мұқтаж емес. Бірақ, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға инфекцияны организмге таратпас үшін антибиотик тағайындалуы мүмкін.

Балардағы аппендицит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:49 - (79 Оқылымдар)

Ата-аналарға баласында аппендицит бар екенін білу қиынға түседі. Басында ауру гастроэнтеритке ұқсайды. Классикалық белгілері – іштің ауырсынуы, қызба және құсу. Сирек жағдайда іштің өтуі пайда болуы мүмкін.

Басқа айқын белгісі (бірақ, үнемі бола бермейді) кіндік тұсында пайда болатын ауырсыну, біртіндеп ұлғайып, іштің төменгі оң жағына қарай ауысады.

Баланың іші кеуіп, ұстағанда сезімтал болуы мүмкін, егер қабынған аппендиксі аяққа баратын бұлшық етті тітіркендірсе, бала оң жағына ақсаңқырап, немесе оңға қарай қисаюы мүмкін.

Балалардағы тітіркенген ішек синдромы (тіс)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:17 - (91 Оқылымдар)

Тітіркенген ішек синдромы (ТІС) – ішектің жиі кездесетін бұзылысы, ішектің түйілуімен, көп желденумен, іштің кебуімен, іш өтуімен және қатуымен сипатталады. Ауруды кейде “асқазан неврозы” немесе “спастикалық колит” деп атайды. Кейбір өнімдер, көңіл-күй күйзелісі, инфекциялар, жарақаттар ТІС симптомдарының пайда болуын туындатуы мүмкін.

ТІС балаларға жайсыздық әкелгенімен, ол денсаулықтың күрделі мәселелеріне апармайды. Дәрігерлер балаларға дәрілердің, емдәм мен өмір салтын өзгерту көмегімен ТІС симптомдарын реттеуге көмектеседі, сондықтан, ТІС шалдыққан балалар белсенді және сау өмір салтын ұстана алады.

Балалардағы пневмония

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:10 - (107 Оқылымдар)

Жөтел мен қызба – пневмонияның екі негізгі симптомы. Басқа симптомдары – әлсіздік, құсу, диарея (іш өтуі), тәбеттің болмауы, бас ауыруы, бұлшық ет ауырсынуы және тыныс алу мәселелері. Пневмония кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, бірақ, әдетте, қыс пен жазда жиі кездеседі, суық тиюден немесе тыныс алу жолдарының басқа инфекциясынан кейін болуы мүмкін.

Балаңызда пневмония болуы мүмкін санасаңыз, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Кейбір жағдайда пневмония жеңіл, кейбір жағдайда ауыр өтеді.

Балалардағы қызбаны (температураның жоғарылауын) емдеу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 07:05 - (92 Оқылымдар)

Қызба – организмнің инфекцияны тудыратын микробтармен күресуінің белгісі. Егер 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі балада дененің субфебрильдік температурасы болса (38,8 °C дейін), оған дәрі бермеуге болады. Дәрілік препараттарды тағайындау дене температурасы 38,8 °С асқанда ұсынылады.

Егер 3 айлықтан жас сәбиде дене температурасы 38,8 °С асқанда, шұғыл түрде дәрігерге немесе жедел медициналық жәрдемге хабарласыңыз. Кішкентай сәбилерде қызба ауыр инфекцияның белгісі болуы мүмкін.

Балалардағы ішек инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 06:55 - (96 Оқылымдар)

Диарея (жиі және сұйық нәжіс) – ішек инфекцияларының жиі себебі, бірақ, басқа аурулардың немесе емдәмдегі өзгерістің симптомы да болуы мүмкін. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары - вирустар немесе бактериялар.

Диареяны туындататын қоздырғыштың түрі адамның мекендейтін географиялық аумағына, экономикалық даму деңгейіне, санитарлық-гигиеналық және жеке гигиена нормаларын қадағалауына байланысты. Мысалы, диареяның өршуі санитарлық жағдайы нашар елдерде немесе қоқыстарды тыңайтқыш ретінде қолдануда жиі пайда болады, мұндай жағдайда ауыз суының және көкөніс дақылдарының микробтармен және паразиттермен ластануы орын алады.

АҚШ секілді дамыған елдерде диарея жағдайлары көбінесе, тағамдық уланумен байланысты. Тағамдық улану бактериялардың уыттары дұрыс сақталмаған немесе тиісті түрде дайындалмаған тағам өнімдерінен адам организміне түсуінде пайда болады.

Диареяны туындататын вирустар – гастроэнтерит вирустары – өте жұқпалы және тұрмыстық жабдықтар арқылы жеңіл таралады (мысалы, жатақханада). Бір жақсысы, көбінесе диарея бірнеше күн ішінде өздігінше аяқталады. Сау жасөспірімдер мен ересектер үшін вирустық гастроэнтерит жиі, бірақ, күрделі емесе жайсыздық. Бірақ, ол кішкентай балалар және созылмалы ауруы бар адамдарда организмнің сусыздануына жиі апарып, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Ішек инфекциялары және диарея бактериялар мен паразиттердің көптеген түрлерінің салдарынан туындайды. Бұл инфекциялардың көпшілігі жеңіл және бірнеше күн ішінде өтеді, бірақ, күрделі түрлері де кездеседі.

Тілді таңдау