Жүктелуде...
 

Иерсиниоз (Жалған туберкулез)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:42 - (305 Оқылымдар)

Ішек иерсиниозы және жалған туберкулез инфекциялық аурулар болып табылады. Олар Yersinia enterocolitica энтероколиттің қоздырғышы болып табылады. Энтероколит – балалық кезде жиі кездесетін аш ішек пен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын ауру.

Қылилық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:34 - (1751 Оқылымдар)

Қылилық ауруы – екі көздің бірдей қозғалмауымен сипатталады. Яғни екі көз бір нысанаға бірдей түспейді. Бұл ауру көпшілікке «қыли көз» атымен белгілі.

Адамдарға көздің қалыпты орналасу тәртібі белгілі. Адамның қайда қарап тұрғанын көзінің қозғалысына қарап анықтауға болады. Ал екі көздің екі жаққа қарап тұрғаны адамдарға ерсі көрінетін жайт. Мүны қыли көздік деп атайды. Мұны медициналық терминологияда көздің іші мен сыртының үйлесімсіздігі деп атайды. Баланың көзі кез-келген жағдайда қылилана бастаса, оны дереу анықтау қажет, себебі ол өскенде үлкен бұзылыстарға апарып соғы да ықтимал.

Балалардың тұншығып қалуының алдын алу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-15 08:57 - (263 Оқылымдар)

Жаңа туған нәрестелер бастарын еркін қозғай алмайды, сондықтан олар тұншығып қалудан сақтандыруды қажет етеді. Алайда, жас балалар арасында да ондай қауіптер кез келіп қалуы мүмкін.

Ересектердегі түнгі энурез немесе шыжыңдығы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 03:35 - (3572 Оқылымдар)

Түнгі энурез (шыжыңдық) (NE) - ұйқы кезінде өздігінен зәр шығару. Зерттеулер негізінде, ересектердің кем дегенде 2% түнде өзіне ие бола алмай зәр жіберіп қоятын көрнеді. Түнгі шыжыңдықты никтуриядан ба немесе қуықты болсату үшін түнгі ұйқыдан турудың қажеттігі (екі немесе одан да көп рет тұруға мәжбүр болу) басым болғаннан ба, саралап алу керек. Шыжыңдықтың бір-бірінен сараланатын әрқандай түрі бар.

Біріншілікті (ұзақ сақталушы) түнгі шыжыңдық - бұл бала кезде дамитын ауру, ол егер баланың «құрғақ» кезеңі 6 айдан артық аспай жатса бақыланады. Шамамен 18 жастан асқан ерлер мен әйелдердің 2-3% -ында шыжыңдықтың осы түрі байқалады.

Балалардағы диарея (іш өту), құсу және сусызданудың алдын алу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-14 07:10 - (29711 Оқылымдар)

Құсу мен диарея (іш өту) қауіп тудырады, себебі ол жағдайлар ағзаның сусыздануына
әкеп соқтырады. Сусыздану ағзадағы көп мөлшердегі сұйықтықтың жойылуына себеп
болады. Жас балалардың құрғауы тез дамиды, алайда ол кез-келген жаста да адамды
мазалауы мүмкін.

Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-13 06:02 - (1315 Оқылымдар)

Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы – қанның ұйығыштығының бұзылуынан туындайтын ауру. Әдетте ол бала туылғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.

В гепатитіне қарсы вакциналар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 08:40 - (184 Оқылымдар)

В гепатитіне қарсы мынадай адамдарға екпе енгізу керек: денсаулық сақтау салысының қызметкерлеріне, В гепатитімен ауыратындармен бірге өмір сүретіндерге, осы вирусты жұқтыру қаупі бар жандарға, В непатиті бауырды зақымдайды. Сондай-ақ иммунизация (екпе) жас сәбилерге және кішкентай кезінде салынбай қалған ересек баларға салынады.

Ересек балалаp мен үлкендерде болатын шок

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-29 11:07 - (222 Оқылымдар)

Шок - адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жатады. Шұғыл медициналық араласу адам өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-11 08:06 - (427 Оқылымдар)

Профессор Алмаз Шарманның аталмыш интернет монографиясы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы» деген атпен ең алғаш көріп отыр. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы деген сілтемеде, «жүктеу» деген батырманы басу арқылы монографияны pdf форматта, 6,02 МВ көлемде толық жүктеп алуға болады. Оның төменгі жағында мақала түріндегі бөлімдерін жеке-жеке көшіріп алсаңыздар да жарайды.
Тақырыптың өзектілігі сонша, бүгінгі таңда адамзат баласына аса зор қауіп төндіріп тұрған АИТВ және ЖИТС мәселелері жаңа қырынан қозғалған. Қазіргі таңда ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу үшін жасалып жатқан нәтижелі амал-шаралар мен шығарылып жатқан дәрі-дәрмектер жайында да ұтымды ойлар, келелі пікірлер айтылған. Соңғы уақытта бұл Қазақстан үшін де аса маңызды мәселелердің қатарына көтерілді, оған мысал ретінде, жақында ғана орын алған Оңтүстік-Қазақстанда орын алған қайғылы жағдайды айтсақ болады. Бар-жоғы 20 жылдың ішінде АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-нан туындаған адамның ашық иммун тапшылығы синдромы 20 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған екен. Аталмыш вирустың пайда болуы, сондай-ақ әсер ету механизмі әлі күнге дейін адамзат баласы үшін шешілмеген жұмбақ күйінде келе жатыр. Заман талабына сай АИТВ-инфекциясына қарсы терапиялар, ұтымды әдісті диагностикалар жасалып жатқанымен, аурулар сол күйі сауығар емес.

Тілді таңдау