Жүктелуде...
 

Гиппель-Линдау ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:34 - (92 Оқылымдар)

Гиппель-Линдау ауруы сирек кездеседі. Бұл ауру – генетикалық ауру, ағзада ісік және жылауықтың өсуімен сипатталады. Ісігі – қауіпті және қауіпсіз болып екіге бөлінеді. Олар омыртқа және бас миды, бүйректі, ұйқы безін, сондай-ақ ерлердің жыныстық мүшесін зақымдайды. Аурудың симптомары олардың орналасу ерекшелігі мен көлеміне байланысты болады. Симптомдары – бас ауруымен, жүрістен жаңылу проблемаларымен, бас айналумен, аяқ-қолдың әлсіреуімен, көрудің нашарлауымен және жоғары артериялық қысыммен сипатталады.

Гиппель-Линдау ауруын барынша ерте анықтап, емін қолға алу керек. Әдетте бұл ауруды хирургиялық жолмен, кейде сәуле терапиясымен емдейді. Ең басты емдеу шарасы ісікті ерте бастан қайтаруға бағытталады. Егер ісік үлкеймей тұрып, денсаулыққа залалын тигізбей тұрып емдессе ауру адам өміріне қауіп төндіре қоймайды.

Кіндік жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:03 - (109 Оқылымдар)

Кіндік жарығы - балалардажиікездесетінхирургиялық патология.
Кіндікжарығының дамуының біріншісебебі- іш құрылыстыңдамуында ақауболғаннан пайда болады. Алайдабұдан басқа да ерекшеліктерібар. Бала туғаннанкейін 4-5күндекіндіктүсіпқалу керек. Кіндіксақинасыекібөліктен тұрады. Төменгібөлігі, кіндікартериясыжәнезәршығарутүтігіөтетінжерде жақсы жиырылып,тығызтыртықты тін қалыптастырады.Жоғары бөлігінен кіндік көктамыры өтеді. Оныңқабырғаларыжұқа, бұлшықетқабатыжоқ.Жиі орналасқан іш шандырлары әлсіз кезде, әлі біте қоймаған кіндіккөктамыры кіндік жырығына айналып кетуі ықтимал. Сонымен қатар, бұл патологияның пайда болуына ықпал ететін маңызды фактор іш қуысындағы қысымның жиі артуы болып табылады. Мысалы, баланың жиі жылуынан туындауы мүмкін. Кіндік сақинасының жоғарғы бөлігіндегі тесіктің кең болса, ол балаға қиындық туғыза қоймайды. Бірақ,ақаудың азғантай қаттыланған шеттерібаланы мазалауымүмкін. Негізі, кіндік жарығы қалпына келеді. Қысылған кіндік жарығы ересектер тәжірибесінде жиірек кездесіп жатады. Дегенмен, қалпына келмейтін кіндік жарығы бар балаларға ота жасалады (кіндіктің ішкі жағы ішекке жалғанған жеріне жабысып қалған жағдайда).

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1204 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Тілді таңдау