Жүктелуде...
 

Остеоартрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:42 - (114 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Остеоартрит – буындардың соғылуынан сақтайтын шеміршек уақыт өте бұзылатын жағдай. Түбінде, сүйек – бұрын шеміршекпен бөлінетін– бір біріне үйкеле бастайды, нәтижесінде, төменірек орналасқан сүйек тіннің бұзылуы орын алады, бұл буын симптомдарын туындатады. ревматоидтық артриттен айырмашылығы - остеоартрит тіндердің қабынуымен қосарланбайды.

Омыртқаның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:27 - (69 Оқылымдар)

Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.

Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.

Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

Мастоидит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:34 - (374 Оқылымдар)

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.

Лабиринтит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:53 - (197 Оқылымдар)

Лабиринтит – ішкі құлақтың іріңді немесес іріңсіз қабынуымен сипатталатын ауру.

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді.

Контузия немесе «мидың шайқалуы»

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:21 - (61 Оқылымдар)

Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.

Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.

Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады. Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.

Инсульт және миға қан құйылуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-23 11:18 - (141 Оқылымдар)

Ми – жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бассүйекпен және мидың қабығы аталатын үш жұқа мембраналармен қорғалған. «Ми-жұлын сарысуы» аталатын сұйықтық миды қоршайды. Сұйықтық мидың қабығы арасындағы кеңістікте және қарынша аталатын мидың өзінің қуыстарында болады.

Бруцеллёз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-17 07:03 - (73 Оқылымдар)

Бруцеллёз (Син. Банг ауруы, Брюс ауруы, мелитококкоз) – инфекциялық ауру, ұзақ өтуімен, жүйке және жүpек-қантамыр жүйелерін, сондай-ақ, сүйек-буын аппаратын зақымдаумен сипатталады.

Бруцеллёздың қоздырғыштары — бруцелла тектес бактериялар — төмен температураны және мұздатуды жақсы көтереді, суда 5 айға дейін, топырақта — 3 ай және одан жоғары, сиыр сүтінде — 45 күнге дейін, жұмсақ сүзбеде (брынза) — 60 күнге дейін, майда, кілегейде, простоквашада, балғын сырда — олардың тағамдық құндылығы бойы сақталады; мұздатылған етте — 5 айдан артық, тұздалған теріде — 2 ай, жүнде — 3—4 айға дейін сақталады. Сүтті қайнатқанда, пастерлегенде бруцеллалар жойылады. Зарарсыздандыратын құралдар бактерияларды бірнеше минут ішінде жояды.

Бруцеллёзбен көбінесе, үй жануарлары ауырады (ешкі, қой, сиыр, шошқа), бұл кезде жануарларда түсіктер немесе өлі туу байқалады. Бруцеллалар қоршаған ортаға ауыратын жануарлардың сүтімен, несебімен және түсік кезінде жатырдан бөліндімен түседі. Бруцеллёздың қоздырғыштары сондай-ақ, ауыратын жануарлардың етінде болады.

Бел-сегізkөз радикулитінің

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-16 08:52 - (232 Оқылымдар)

Бел – бұл сүйектерден, бұлшық еттерден және байламдардан тұратын құрылым. Бел дененің жоғарғы және төменгі бөлігін қосатындықтан, ауыр заттарды көтергенде, бір нәрсеге қол созғанда немесе омыртқа бұратылғанда ол жарақаттарға аса бейім. Беліміз ауырсыну пайда болғанда, арқаның икемділігіне, күштілігіне тәуелді екендігімізді түсінеміз. Белімізде ауырсыну пайда болғанға дейін көпшілігіміз арқаның және іштің бұлшық еттерінің ширақтығын сақтаудың маңыздылығы туралы ойланбаймыз.

Барлық адамдардың 85% жуығы белінде ауырсыну сезінген. Көбінесе, белдің ауырсынуы бұлшық еттердің шамадан тыс ширығуының және омыртқа бағанын қолдап тұратын бұлшық еттер мен байламдардың жарақаттарының салдарынан туындайды. Сирек түрде белдің ауырсынуы ауруларға немесе омыртқа бағанының деформациясына байланысты да болады.

Байламдарды созып алудағы алғашқы жәрдем

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 08:46 - (75 Оқылымдар)

Байламдар – қатты, эластикалық құрылымдар, сүйекті өзара қосып, олар буынды орнында ұстайды. Созып алу– байламдардың жарақаты, оның талшықтарының жарылуынан туындайды. Байламдардың жарылуы ішінара немесе толық болады.

Байламдардың созылуы тобық пен тізенің аумағында жиі пайда болады. Созылған байламдар тез ісінеді және ауырсынатын болады. Әдетте, ауырсыну мен ісіну күштірек болса, жарақат та ауыр болады. Көпшілік жағдайда аздаған созылуда жарақатты өздігінше емдеуге болады.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау