Жүктелуде...
 

Санның сықырлау симптомы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:39 - (117 Оқылымдар)

Құлағанда санмен түссең немесе тікелей соққы келіп жамбасқа немесе тізеге тисе, не болмаса, аяқты байқаусызда қайырып алсаң, бұдан ауыр жарақат алуың мүмкін. Ауыр жарақат кезінде соққы алған жер жансызданып қалғандай ауру сезімін сезеді және ол жамбастың сынуы да болуы мүмкін (жамбас-сан буындары сүйектерінің сынуы) немесе; жамбастың (жамбастың сынуы) мүмкін; сондай-ақ үзілмелі сынық, жамбас-сан буындарының тайып кетуі, жамбас-сан сіңірлерінің созылуы, шаптың немесе бөксенің бұлшық еттерінің созылуы, гематоманың түзілуі (қатты көгеру) болуы қаупі бар.

Отырғанда немесе тұрғанда жамбас-сан буындарының ауырсынбай сықырлауы (жарақат алғанда емес) мықын-асықты жілік байлам синдромымен сипатталады.

Септикалық бурсит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:32 - (78 Оқылымдар)

Септикалық бурсит (инфекциялық бурсит) – синовиальді қалта сұйықтығындағы инфекция. Синовиальді қалта буынның еркін серпілуіне және белгілі бір байламдарда қажалыстың болмауына ықпал етеді. Сол үшін ол – тіндерді, сүйекті, сіңірлерді, шеміршектерді, бұлшық еттерді, сондай-ақ теріні сұйықтықпен қамтамассыз етеді.

Буынның шығуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-21 04:36 - (813 Оқылымдар)

Бұл не? Буынның шығуы – сүйектердің буындағы қалыпты орнынан қайырып немесе соғып қозғап жіберуінен туындайтын жағдай. Мұны кейде таю деп те атайды. Сүйектің таюы әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Мысалы дәл буынға тиген соққыдан, құлап қалғаннан, немесе оқыс жасалған іс-қимылдардың себебінен сүйек өз орнынан қозғалып кетеді. Көбінесе сүйектің таюы тізе асығында, жамбас буынында, білезікте, саусақтардың буындарында, шынтақ және иық буындарында орын алуы мүмкін.

Жұлынған сынық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:50 - (247 Оқылымдар)

Жұлынған сынық – буыннан қатты жарақат алғанда, сіңірлермен байланысып тұрған кішкентай сүйектердің де бірге үзіліп кетуі.
Жұлынған сынық - тікелей күштің әсерінен (мысалы, гандбол ойынындағы аяқтан шалудан) немесе жанама күштің әсерінен (мысалы, футбол немесе баскетбол ойындарында жартылай қорғаушының қасақана итеруінен) болуы мүмкін.
Әдетте, шағын жұлынған сыныққа мұз басады және дем алдырады; кішігірім сынықтардың жазылғаннан кейін, қандайда бір ауру сезімін немесе ыңғайсыздық тудыруы сирек кездеседі.

Остенонекроз (сүйектің өліеттенуі) – аваскулярлы некроз (өліеттетену)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:31 - (393 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Остеонекроз бұрын аваскулярлы некроз деп аталған. Бұл сүйек тіндеріне қанмен қамтамасыз етілудің төмендеп, не болмаса, тоқтап қалуының салдарынан сүйек тіндерінің қырылуы.

Тобықтың жарақаттары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:12 - (76 Оқылымдар)

Тобықтар мен үлкен және кіші жіліншіктің төменгі буындық беттері тобық буынын құрайды. Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын байламдар буынды тұрақтандырып, ұстап тұрады. Бұлшық ет пен сіңірлер оның қимылында қатысады.

Синусит (Гайморит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:47 - (217 Оқылымдар)

Синусит – мұрын қуыстары жұқпаланатын немесе қабынатын ауру. Мұрын қуыстарының қосалқылары (синустар) – бассүйектің мұрын қуысымен жалғасатын, ауа кіретін қуыстар. Мұнда мұрын қуысына ағатын сілемей өндіріледі. Мұрынның бітелуі қуыстарды бітеуі мүмкін және ауырсынудың, жұқпаланудың пайжа болуына апаруы мүмкін.

Остеопороз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:52 - (700 Оқылымдар)

Остеопороз – бұл ушығып, сүйектің сынғыштығына және жұқаруына апаратын ауру. Бұл кезде сынықтардың пайда болуы ықтималдығы артады. Ауру көбінесе, 50 жастан асқан әйелдер арасында минералдық алмасудың бұзылысында және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады. Остеопорозға сүйектің түзілуі үшін маңызды балалық, жасөспірімдік шағында тамақпен бірге минералдық заттектердің оңтайлы мөлшерін алмаған адамдар бейім келеді.

Тілді таңдау