Жүктелуде...
 

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:10 - (511 Оқылымдар)

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы – бұл сан сүйегінің жоғарғы бөлігінің, яғни сан сүйегі мен жамбас сүйегінің қосылған жерінің сынуы (ұршық буынында). Ұршық буыны сүйектерінің сынуы көбіне сан сүйегінің мойын жағынан төмен және ұршықаралықтан сәл төмен аумақта кездеседі. Көптеген жағдайда ұршық буыны сүйектері толығымен сынады. Толық емес сынуы да болуы мүмкін (сынық түріне байланысты), бірақ бұл жағдай кең таралмаған және ол рентгендік зерттеуде көрінбеуі де ықтимал.

Бел ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:40 - (7426 Оқылымдар)

Бел ауруы деген не және оның туындауына не себеп бар?

Бел - бұл сүйектен, бұлшықеттен, байламдардан тұратын құрылым. Анықтамасын толықтыра кетсек, оны топса (шарнир) десе де болады, себебі ол дененің үстіңгі жағы мен төменгі жағын жалғап тұрады, абайламаса, ол тез жарақаттанады, мысалы, сіз ауыр көтеріп қалсаңыз, не бірнәрсені күшпен итерсеңіз, не болмаса омыртқаңызды тосыннан бұрап алсаңыз, оны зақымдап алуыңыз ықтимал. Сіз кейде түсініп қалуыңыз мүмкін, айталық, біз, (әр адам) мықты, мығым белге мұқтажбыз, кейде беліңіздің иілгіш болғанын сондай қалап кететін жағдайларыңыз да болатын шығар. Бірақ, неге екенін қайдам, көпшілігіміз беліміз ауырмайынша, арқадағы және іштегі бұлшықеттердің өңін сақтап қалудың маңыздылығы туралы ойлай бермейміз.

Сіңірді созып алу

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:20 - (468 Оқылымдар)

Сіңірдің созылуы – бұл жағдай буынды жарақаттап, сіңірді созып алғанда орын алады. Сіңір – буындарды байланыстырушы, жіпке ұқсас, серіппелі мүше. Оның симптомы - сүйек сынғандай болып білінеді.
Дәрігерлер сіңірдің созылуын ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.

Бұлшықеттердегі ауырсыну - миалгия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 08:09 - (2298 Оқылымдар)

Миалгия – көп кездесетін, бір ғана емес, бірнеше жерге әсер ететін бұлшықеттік ауру. Сондай ақ бұлшықет ауруы - бұлшықетпен байланысты байламдардың , сіңірлердің, сондай-ақ фассияның, жәнеде жұмсақ тіндердің, сүйектердің, ішкі ағзалардың ауруларымен де байланысты болып келеді

Қалыпты салмақты қалай ұстап тұруға болады және семіздікпен қалай күресеміз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 04:39 - (830 Оқылымдар)

Қазіргі әлемдегі ең маңызды проблемалардың бірі семіздік болып отыр. Дамыған елдерде 10 адамнан 3-і семіздіктен зарбап шегуде, бұл олардың салмағы салауатты салмақтың ең жоғары шегінен 20 пайызға артық екенін білдіреді.

Семіздік денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіріп, түрлі мүшелеріміз бен сүйектерімізге шамадан тыс салмақ түсіреді. Мысалы, артық салмақ бел мен тізенің ауыруына, сондай-ақ тыныс алудың қиындауына себеп болады. Семіздік, коронарлық жүpек ауруы, инсульт, жоғары қан қысымы сияқты өмірге қауіп төндіретін аурулардың қаупін арттырады. Семіз адамдарда, әдетте, қанындағы холестериннің мөлшері көп болады, бұл атеросклерозды тудырады - қан тамырларындағы майдың жинақталуына әкеледі. Атеросклероз инфаркқа және инсультке соқтыруы мүмкін.

Қажулық сынулар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:48 - (162 Оқылымдар)

Қажулық сынулар – бұл сүйектің бетінде пайда болатын шіңішке болар-болмас шытынаулар. Кейбір жағдаларда бұл шытынаулардың жіңішке болатыны сондай, тіпті рентгеннен де көрінбейді.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:32 - (86 Оқылымдар)

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты – деп ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақатын айтамыз. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуге және тізенің әлсіздігіне апаруы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.

Айналмалы манжет сіңірлерінің айқасып қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:02 - (132 Оқылымдар)

Қабынудан, сүйекке шыққан сүйелден немесе сұйықтық түзілу салдарынан айналмалы манжет сіңірлері сығылып, сүйекке қажалуынан айқасып қалу жағдайы туындайды.

Қолды бастан жоғары көтерген сайын айналмалы манжеткадағы супраспинальді сіңір мен сіңір үстінде орналасқан синовиальді қапшық латеральді беткейіндегі жауырын (акромион) қырының кері жақ бетімен сырғып кетеді.

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:49 - (59 Оқылымдар)

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы – деп санның сыртқы бетімен өтетін байламды айтады. Ол фиброзды тіннен тұрады. Мықын-асықты жіліктік байламы тізені және жамбас буынын шығып кетпеуі үшін мықтап ұстап тұрады. Кейбір жағдайларда байлам шамадан тыс дамып, мықын сүйегі мен тізенің ішкі жағын қысып, үгітіп тастауы мүмкін. Әрбір бүгілу кезінде тізе мен сан сүйектері бір-бірімен үйкеленеді. Бұл жағдай көбінесе жүгірумен айналысатындар да, велошабандоздарда, аэробиканың кейбір түрлерімен айналысатындарда кездеседі.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:41 - (58 Оқылымдар)

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - деп, бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің, қан тамырлардың және сүйектердің жабық кеңістікте (аноматикалық куыста) ісініп, бірақ сол ісікке лайықты түрде керіле алмай қалған жағдайын айтады. Ісіктің қан тамырларға және жүйке жүйесіне, күре тамырға түсетін қысымы қатты ауыртады, бұлшықеттер мен жүйке жүйесіндегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына соқтырады

Тілді таңдау