Жүктелуде...
 

Нағыз полицитемия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 07:33 - (191 Оқылымдар)

Нағыз полицитемия – бұл сүйек кемігі ауруы, қан құрамындағы жасушалардың мөлшері аномальді түрде үлкеюімен сипатталады (ең алдымен эритроциттер).

Тіс аурулары

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 06:40 - (103 Оқылымдар)

Адам тістері сүйек типтес мықты материалмен толықтырылған. Тістің ішінде жүйке және қан тамырлары бар. Тіс адамға көптеген қажеттіліктерді өтеу үшін қажет. Мысалы, тамақтану үшін, сөйлеу үшін және тімті күлу үшін де.

Қызыл иек аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:29 - (85 Оқылымдар)

Егер сіздің қызыл иегіңіз ауырса, ыңғайсызданбаңыз, сіз жалғыз емессіз. Қазіргі уақытта ересек адамдардың көбінде осындай немесе осыған ұқсас аурулар туындауда. Аталмыш аурулар алдымен қабынудан басталады, оны гингивит деп атайды. Содан соң тісті ұстап тұратын сүйектер мен тіндер зақымданады. Қызыл иектің ауруы асқынып кетсе тістердің түсуіне бірден-бір себеп болады.

Сынықтың, буынның шығып кетуінің немесе байламдардың қатты созылу салдарынан болатын сүйек-буын деформациясы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:40 - (126 Оқылымдар)

Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы көбінесе, аяқ-қолдың немесе буынның бұратылуының не олардың қалыпты жағдайдан жылжуының себебі болып табылады. Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы келесі жағдайларды туындатуы мүмкін.

• Қатты ауырсыну.
• Ісіну және гематомалардың (қанталаулардың) түзілуі.
• Сүйектің жылжуының сезілуі.
• Буынның салбырауы.
• Аяқ-қол немесе буынның дұрыс қозғалмауы.
• Буынның қысылуы (бүгілмейді немесе түзелмейді).
• Жарақат тұсында немесе одан төмен тұста терінің салқындауы немесе сұрлануы, ұйып қалуы және шаншуы. Бұл жүйке немесе қан тамырлар жарақаттанса, әлде қысылса орын алады.

Кеуде қуысының ауырсынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:08 - (215 Оқылымдар)

Кеуде қуысының ауырсынуы – кеуде қуысын құрайтын бұлшықеттерде, сүйектерде және шеміршектерде болатын ауырсыну сезімін айтады. Бұл ауырсыну кеуденің арнайы бір бөлігінде болады және сол жерге қысым түскенде арта түседі.

Бурсит (ұра)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:54 - (164 Оқылымдар)

Бурсит (ұра) – іші сұйықтыққа толы буын қалталарының қабынуы. Олар көбінесе аяқ-қол буындарында кездеседі. Негізгі қызметтері осы сүйектердің бір-біріне жанасқанда желінбеуін қамтамасыз етеді және амортизаторлық қызметін атқарады. Буын қалталары дененің көптеген жерлерінде, буындардың ішінде және жанында, сонымен қоса үйкеліс және қысым болатын жерлерде кездеседі. Кейбір бурситтердің арнайы атаулары бар, мысалы: «үй шаруасындағы әйелдің тізесі», «солдат аяғы» және «теннисшінің шынтағы».

Вибрациялық ауру (діріл ауруы)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:15 - (132 Оқылымдар)

Бұл не? Вибрациялық ауру – бұл дененің кейбір бөліктері, әдетте бақайлар мен саусақтардың суыққа деген үлкен реакцияға ие болуы немесе эмоциялық күйзеліс (стресс) жағдайы.

Бұл ауру кімдерде пайда болады? Ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни тұрақты дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшықеттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп, сол жердегі нерв жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып, қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда вибрациялық ауру жарақат нәтижесінде, түрлі аурулар салдарынан (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:11 - (328 Оқылымдар)

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.

Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.

Остеомаляция (сүйектің жұмсаруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:59 - (287 Оқылымдар)

Остеомаляция – адам cүйектерінің Д витаминінің жеткіліксіздігінен жұмсарып кетуі немесе ағзаның Д витаминін сіңіре алмауы және дұрыс пайдалануға мүмкіндігінің болмауы.

Бұғананың сынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:11 - (182 Оқылымдар)

Бұғана дегеніміз не?

Бұғана - иық буынының негізгі сүйектерінің бірі. Ол иықты ұстап тұрады және шынтақпен және топшы-бұғаналық буынмен бірге тұрақтылықты және иықты күшпен қамтамасыз етеді.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3
  • 4

Тілді таңдау