Жүктелуде...
 

Жедел ревматиялық қызба

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 09:15 - (117 Оқылымдар)

Жедел ревматиялық қызба – бұл қабынбалы ауру. Ол А тобындағы стрептококктық бактериялар (жіті фарингит немесе скарлатина) тудыратын инфекцияның нәтижесінде дамиды.

Инфекциялық артрит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:31 - (162 Оқылымдар)

Инфекциялық артрит (син. іріңді артрит,септикалық артрит) – бір немесе бірнеше буынның ауыр түрде қабынуы. Егер оны тез арада емдемесе буынның қайтымсыз бұзылыстарына алып келуі мүмкін.

Аспергиллез

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:30 - (116 Оқылымдар)

Аспергиллез – саңырауқұлaқтық инфекциялық ауру, әсіресе теріні зақымдайды, сондай-ақ, құлaқты, мұрын құысын және иммун жүйесі әлсіреген адамдардың өкпeсіне зардабын тигізеді.

Аспирин және Рей синдромы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:29 - (181 Оқылымдар)

Рей синдромы – 5 жасқа дейінгі балалардың бауырлаpында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны өткергеннен кейін пайда болады. Шамасы, аспиринді қабылдау осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға инфекция кезінде аспирин қолданбау керек. Тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс болады.

Афтозды стоматит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:25 - (99 Оқылымдар)

Афтозды стоматит – ауыз қуысында ақ-қызыл түсті дөңгелек дақтардың пайда болуын айтады. Мөлшері 1-2 мм-ден басталып 1 см-ге дейін жетеді.Көбінесе афтозды жаралар тілде, ұрттың және еріннің ішкі бетінде, таңдайда пайда болады.Герпес вирустарынан айырмашылығы бұлар жұқпалы емес.

Афтозды стоматиттер әр түрлі жастағы әйел адамдар да көбірек кездеседі.Жараның пайда болу себептері толыққанды белгілі емес, бірақ ауыз қуысына инфекцияның түсуі, күйзеліс, тұқым қуалау және әйелдік гормондар әсерінен пайда болуы мүмкін. Жара қалыпты жағдайда 7-10 күн ішінде жазылады, егер жараның мөлшері 1 см-ден үлкен болатын болса, онда жазылуы 2-4 аптаға дейін ұзаруы мүмкін.

Бактериялық инфекция

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:24 - (114 Оқылымдар)

Бактериялық инфекция – бұл бактериялардан туындайтын инфекция. Өз кезегінде ол қарапайым тері жұқпаларынан бастап оба сияқты күрделі ауруларға дейін кең таралған жұқпалы ауруларды қамтиды.

Венерологиялық аурулар (жыныстық аурулар)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:46 - (412 Оқылымдар)

Венерологиялық аурулар – бұл жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жүкті әйелдің ішіндегі баласына жүктілік кезінде немесе жүктіліктен кейін жұғуы мүмкін.

Венерологиялық ауруды адам кез келген жыныстық қатынас кезінде (гетеросексуалды мен гомосексуалды), сонымен қатар ауыз немесе тік ішектің жыныс мүшелерімен тығыз байланыста болғанда жұқтыруы мүмкін. Жыныстық қатынаспен айналысатын адамдарды тұрақсыз ауыстыру және мүшеқапты пайдаланбау жыныстық аурулардың дамуына әкеп соқтырады.

Негізінде венерологиялық аурулардың алдын алуға болады, ол үшін тұрақсыз жыныстық қатынасқа түспеу қажет және жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану керек болады.

Паронихия (тырнақ көбесінің қабынуы) - тырнақтың айналасындағы терінің инфекциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:21 - (249 Оқылымдар)

Бұл не? Паронихия - тырнақ айналасында терінің инфекциясы (саңырауқұлaқтық немесе бактериялық). Бұл, қан айналымының бұзылуының, псориаздың немесе дерматит инфекцияның салдарынан болуы мүмкін. Негізгі себебі саңрауқұлaқ тұқымының Candida albicans бактериялары болып табылады.

Ауызда пирсинг болған жағдайда мүмкін болатын проблемалар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:03 - (106 Оқылымдар)

Ерін, тіл, беттің ішкі жағында пирсинг болған жағдайда, мынадай асқынулар туындауы мүмкін:

• Ауырсыну;
• Қансырау;
• Пирсинг аймағының жұқпалануы;
• В гепатиті, С гепатиті, АИТВ, сифилис секілді инфекциялар;
• Сөйлеуде қиындықтардың болуы;
• Шайнау және жұтуда қиындықтардың болуы;
• Тістің зақымдалуы, үгілуі, бұзылуы немесе сызаттар;
• Тыртық тін;
• Жұтқыншақтың бітелуіне әкелетін ісіктер.

Инфекциялық эндокардит (Эндокардит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 12:14 - (452 Оқылымдар)

Инфекциялық эндокардит немесе Эндокардит– жүректің қақпақшалары мен камераларының ішкі қабығының инфекциясы.

Тілді таңдау