Жүктелуде...
 

Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 05:09 - (526 Оқылымдар)

Ана сүтімен қоректендіру балаға зор пайда әкеледі. Ана сүтінде баланың сау және мықты болып өсуіне қажетті қоректік заттектер бар. Сонымен қатар, ана сүтінде болатын кейбір заттектер баланы кейбір аурулар мен жұқпалардан қорғайды. Бұл ананың денсаулығын да қолдайды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуы баласын емізген аналарда сирек кездеседі.

Сау әйелдер баласын кемінде, алғашқы алты ай бойы емізгені дұрыс. Белгілі бір жағдайларда бұл жарамды емес, мысалы, АИТВ инфекциясы немесе белсенді сатыдағы туберкулез болса, анасы баласын емізбегені жөн, себебі, жұқпа берілуі мүмкін.

Белгілі бір дәрілік құралдар, тыйым салынған есіткілік заттектер немесе алкоголь да ана сүті арқылы түсіп, балаға зиян әкелуі мүмкін.

Абсцесс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 04:07 - (74 Оқылымдар)

Абсцесс (іріңқалта) – бұл тері астында іріңнің жиналуымен сипатталатын инфекция. Абсцесс әдетте алтын түсті стафилококк және стрептококк секілді бактериялармен байланысты. Бұл бактериялар терідегі сызаттар мен жаралар арқылы енеді. Бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін зақымданған тұста қызару, ауырсыну, температураның артуы және ісінуі пайда болады, дене температурасы артуы мүмкін. Абсцесс тері бетінің инфекциясын заманауи және сәйкес емдемеген жағдайда орын алуы мүмкін. Сәйкес емдеу болған жағдайда бұл аурудың болжамы сәтті.

Метициллин-резистентті стафилококк (МРЗС) - пенициллин қатарындағы антибиотиктерге тұрақтылығы бар бактериялар тобы, бұл көптеген онжылдықтар бойы стафилококты және тері инфекцияларын антибиотикпен емдеудегі күрделі мәселе болды. Бұрынырақта МРЗС халықтың аз тобында, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінде және егілетін наркотиктерді қолданатын адамдар арасында таралған болатын. Бүгінде МРЗС жалпы халықтың тері инфекциясының жиі себебі болуда. МРЗС қазір «пенициллин қатарынан емес» антибиотиктермен және зақымданған теріге жергілікті күтім жасау арқылы табысты емделеді. Сирек жағдайда МРЗС терінің және жұмсақ тіндердің күрделі (терең) инфекцияларын туындатуы мүмкін. Стафилококты инфекция, әдетте, ұсақ қызыл түйіндерден немесе ірің толған түйіндерден басталады, олар қысқа уақыттың ішінде терең, ауырсынатын ойық жараға айналуы мүмкін. Егер теріңізде қызыл түйінді немесе ірің толған түйінді байқасаңыз және инфекцияның белгілері болса (зақымданған тұстың ауырсынуы, қызаруы және ісінуі) шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Көптеген науқастар түйіндерді өрмекшінің шағуы деп санап, қателеседі. Антибиотикпен емдеуді өткізудің алдында дәрігер терінің зақымданған тұсынан қырынды алып, зерттеу тағайындауы мүмкін. МРЗС жұқпалану симптомдарына ұқсайтын белгілер болуында, және МРЗС талдауының нәтижесі оң болса, дәрігер таблетка түріндегі антибиотик қабылдауды және зақымданған теріге жергілікті емдеу тағайындайды. Инфекцияның сау жерге таралмауы үшін қолды және дененің басқа ашық тұстарын таза ұстау қажет, ал жаралар емдеу кезінде зарарсыз дәкемен таңылуы тиіс.

  • 1
  • 9
  • 10
  • 11 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау