Жүктелуде...
 

Түсік (өздігінен түсік тастау)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 11:30 - (207 Оқылымдар)

Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту. (Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл мезгілінен бұрын босану саналады).

Плацентаның алда жатуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:03 - (69 Оқылымдар)

Плацентаның алда жатуы – жүктілік кезінде пайда болатын, плацентаның жатырдың төменгі бөлігінде оның ішкі аңқасының аумағын толық немесе ішінара қамтумен орналасуымен сипатталатын дерт.

Жүктілік кезінде плацента өседі және даму үстіндегі баланы қорғайды. Жатырдың ішкі аңқасы деп босану жолдарының бастапқы бөлімін атайды.

Жатырдың анатомиясы

Жатыр – әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол - ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында, несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1225 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Диабеттік ретинопатия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 05:31 - (182 Оқылымдар)

Диабеттік ретинопатия – 1 және 2 типті қант диабетінде көздің торқабығының дерттік өзгерістерінің бірі, ол, көбінесе, ауру басталғаннан кейін 5-10 жыл өткенде пайда болады.

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Көз ұясы қабаттардан тұрады, олар көздің ішкі өзегін – әйнек тәрізді денені, көз бұршағын, сулы ылғалын қоршайды. Көз ұясының өзегін үш қабат қоршайды: сыртқы, ортаңғы және ішкі. Сыртқы – өте тығыз фиброздық қабық. Ол алдыңғы мөлдір қабықтан және артқы мөлдір емес бөлік - аққабықтан тұрады. Ортаңғы – көз ұясының тамырлы қабығы. Ол қантамырларына, пигменттерге бай және нұрқабықпен , кірпік денесімен және тамырлы қабықшаның өзінен тұрады. Ішкі торқабық – көру анализаторының рецепторлық бөлігі, бұл жерде жарықты қабылдау өтеді.

Адам қант диабетімен көп ауырған сайын диабеттік ретинопатияның пайда болу ықтималдығы жоғары. Науқастардың 40-45 пайызға жуығы диабеттік ретинопатияның қандай да бір сатысынан зардап шегеді.

Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия диабетке шалдыққан әйелдерде күрделі мәселелер туындатуы мүмкін. Диабеттік ретинопатиямен қатар қант диабеті катаракта, глаукома секілді ауруларды туындатуы мүмкін.

Білезік канал синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-17 05:52 - (78 Оқылымдар)

Білезік канал синдромы білезіктің ортаңғы нервісісінің қысуынан болатын ауру. Симптомдары – саусақтардың, білезіктің шаншуы, ұйып қалуы, әлсіздігі немесе аурсынуы.

Жүктілік кезінде, гипотиреозда, диабетте, артритте,семіздікте қосарланған ауру ретінде білезік канал синдромы дамуы мүмкін. Дұрыс емес немесе ұзақ уақыт бойы білезік буынының қозғалысынан ортаңғы нерв қысылып, ісік пайда болуы немесе білізік каналы ішілік, білізік каналы маңындағы тіндердің қалыңдауына әкелуі мүмкін. Білезік канал синдромына шалдығатын ең жиі науқастар бұрын соңды білезік буынынан жарақат (әсіресе санықтар) алғандар болып табылады.

  • 1
  • 2
  • 3 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау