Жүктелуде...
 

Преэклампсия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-30 08:26 - (266 Оқылымдар)

Преэклампсиялар – деп, жүкті әйелдердің 20-сыншы аптасында (яғни, 2-ші және 3-ші үш айлығында) болатын артериялық қысымның көтерілуін және несепте ақуыздың пайда болуын айтады.

Жүкті әйелдердің таң ертеңгілік жүpек айнуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 11:48 - (229 Оқылымдар)

Жүктілік кезінде әйелдің денесінде түзілетін гормондардың әсерінен жүйрек айнуы пайда болады. Жүктіліктің алғашқы үш айлығында жүйрек айну, құсу деген сияқты жағымсыз жайттар кездесіп жатады.

Жүктілік триместрі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:37 - (151 Оқылымдар)

Қалыпты жүктілік – ұрықтанудан, босанғанға дейін 40 аптаны қамтиды. Бұл уақыт шамамен үш кезеңге бөлінеді: бірінші үш айлық кезеңі (бірінші триместр) – ұрықтанудан 12 аптаға дейін; екіншісі үш айлық кезеңі (екінші триместр) – 13 аптадан 27 аптаға дейін; үшінші үш айлық кезеңі (үшінші триместр) – 28 аптадан босанғанға дейін.

Токсикоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:22 - (318 Оқылымдар)

Токсикоз – адамды жайсыз сезіндіретін, біртүрлі жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Жүкті әйелдерде токсикоз, олардың организмінде ұрықтың дамуы кезінде зиянды заттармен уланған жағдайда пайда болады.

Етеккір циклі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 09:59 - (599 Оқылымдар)

Етеккір циклі – 1) айлық цикл, алғашқы етеккір кезеңінің басталуымен келесі етеккірдің басталуына дейінгі кезеңде гармондардың өзгеруімен сипатталады; 2) ай сайын әйел денесінің жүктілікке дайындалу жүйесі. Жатырда эндрометрия деп аталатын жаңа қабықша пайда болады; аналық бездердің бірі аналық жасуша бөліп, ол өз кезегінде ұрықтандырылмай, кейін аналық жасуша етеккір кезеңінде жатырдан ағып, түсіп кетеді.

Овариалды бұралып қалу (аналық бездің бұралып қалуы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-29 08:34 - (284 Оқылымдар)

Овариалды айналып қалу деп – аналық бездің бүрісіп, немесе негізгі байламының бұралып қалуын айтады. Соның салдарынан қанның қалыпты ағыны тоқтайды. Бұған шалдыққан әйел ауруды сезіне бастайды, бірте-бірте халі нашарлай бастайды. Овариалды бұралу әйелді жүкті кезінде де мазалауы мүмкін.

Жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолданғанда туындаған етеккірдегі өзгерістер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:51 - (878 Оқылымдар)

Егер сіз жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолдана бастасаңыз, сіздің етеккір цикліңіз өз гармондарыңызды реттей бастайды, таблеткаларға үйреніседі. Бұл етеккір циклінің өзгерістерін туындатады. Жүктілікке қарсы дәрілер циклдар арасында қан кетіреді және сіздің өзгеру кезеңдеріңіз жеңілдейді, немесе мүлдем тоқтатылады. Сондықтан қолданатын дәрілеріңізді үздіксіз бір уақытта пайдаланыңыз.

Емшек ұшынан бөліндінің шығуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:01 - (360 Оқылымдар)

Ешқашан жүкті болмаған әйелдерде емшек ұшынан бөліндінің шығуы сирек кездеседі. Жүктіліктің соңғы аптасында, әйелдерде уыз түріндегі бөлінділер шығуы - қалыпты жағдай. Өз бетінше бөлінетін бөлінділер барлық әйелдердің 80% -ында байқалады және ол тек емізікті басқанда ғана пайда болады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлінділер мөлдір, тұнық, ақ және сарғыш болуы мүмкін.
Жүктілік кезінен тыс, сүт бездерінен бөлінділер өз бетінше шыға бастаса – онда ол жайдан-жай емес. Әсіресе, кеуде пішіні мен консистенциясының өзгерген кезінде шықса қауіпті болып саналады.

Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:51 - (353 Оқылымдар)

Жатырдан тыс дамыған жүктілікті – эктопиялық жүктілік деп атайды. Бұл жағдай аналардың өміріне қауіп төндіреді.

Жатыр ішілік ұрықтануға қарсы құралдар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:03 - (133 Оқылымдар)

Жатыр ішілік ұрықтануға қарсы құрал (ВМС) – Т-тәрізді шағын пластик құрал, жүкті болуға қарсы қолданылатын құрал. Оны жатырдың ішіне орналастырады, ұдайы сонда болады.

Тілді таңдау