Жүктелуде...
 

Анкилозды спондилит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 09:53 - (141 Оқылымдар)

Анкилозды (қозғалтпайтын) спондилит (Бехтерев ауруы) – омыртқа артритінің бір түрі. Бұл ауру кезінде омыртқалар арасында орналасқан омыртқа аралық дискілердің және омыртқа мен жамбастың арасындағы буындардың қабынуы пайда болады. Анкилозды спондилит - иммундық ауру. Ол көбінесе, ерлерде жиі кездеседі және ауыр түрде өтеді. Кейде ауру бір отбасының мүшелерінде қайталануға бейім келеді.

Анемия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 09:35 - (211 Оқылымдар)

Анемия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - сау қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру. Егер қанның қызыл жасушаларында гемоглобиннің мөлшері төмендесе, организм темірдің мөлшерін жеткіліксіз алады. Анемияның симптомдары, мысалы, шаршау оттегінің организмге жеткіліксіз түсуінен пайда болады.

Аналық бездің кистасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 06:14 - (299 Оқылымдар)

Аналық бездің кистасы – аналық бездегі сұйықтық толған қалташа. Оның бірнеше түрі болады. Көптеген түрлері қатерсіз, олар овуляция кезінде пайда болады (аналық безден ұрық жасушасының шығуы). Олар - функционалдық кисталар аталады.

Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 05:09 - (786 Оқылымдар)

Ана сүтімен қоректендіру балаға зор пайда әкеледі. Ана сүтінде баланың сау және мықты болып өсуіне қажетті қоректік заттектер бар. Сонымен қатар, ана сүтінде болатын кейбір заттектер баланы кейбір аурулар мен жұқпалардан қорғайды. Бұл ананың денсаулығын да қолдайды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуы баласын емізген аналарда сирек кездеседі.

Сау әйелдер баласын кемінде, алғашқы алты ай бойы емізгені дұрыс. Белгілі бір жағдайларда бұл жарамды емес, мысалы, АИТВ инфекциясы немесе белсенді сатыдағы туберкулез болса, анасы баласын емізбегені жөн, себебі, жұқпа берілуі мүмкін.

Белгілі бір дәрілік құралдар, тыйым салынған есіткілік заттектер немесе алкоголь да ана сүті арқылы түсіп, балаға зиян әкелуі мүмкін.

Амебалық дизентерия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-12 11:31 - (158 Оқылымдар)

Амебалық дизентерия (амебиаз) — қарапайымдыларға жататын паразиттік - гистолитикалық амебадан (Entamoeba histolytica) туындайтын ауру. Паразит тоқ ішекті зақымдайды. Көп жерде кездеседі, әсіресе, ыстық ауа райы болатын елдерде жиі кездеседі.

Алып жасушалы артериит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-12 11:13 - (101 Оқылымдар)

Алып жасушалы артериит (АЖА) – бұл егде жастағы адамдарда орташа және ірі артериялардың жүйелі қабыну ауруы, бас ауыруымен және тұмаудағыдай симптомдармен қосарланады. Сондай-ақ, ол самайлық немесе краниалдық артериит (Хортон ауруы) ретінде де белгілі.

Альцгеймер ауруы (АА)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-12 09:42 - (376 Оқылымдар)

Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.

• Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.

• Дамыған елдерде (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүpек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.

Аднексит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 10:09 - (346 Оқылымдар)

Сальпингит немесе Аднексит – әйелдердің жамбас қуысындағы ағзалардың – жатырдың, жатыр түтігінің, аналық бездердің қабыну ауруларының бір түрі.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныстық аумақтағы сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 06:51 - (94 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.

Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.

Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.

Абсцесс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 04:07 - (85 Оқылымдар)

Абсцесс (іріңқалта) – бұл тері астында іріңнің жиналуымен сипатталатын инфекция. Абсцесс әдетте алтын түсті стафилококк және стрептококк секілді бактериялармен байланысты. Бұл бактериялар терідегі сызаттар мен жаралар арқылы енеді. Бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін зақымданған тұста қызару, ауырсыну, температураның артуы және ісінуі пайда болады, дене температурасы артуы мүмкін. Абсцесс тері бетінің инфекциясын заманауи және сәйкес емдемеген жағдайда орын алуы мүмкін. Сәйкес емдеу болған жағдайда бұл аурудың болжамы сәтті.

Метициллин-резистентті стафилококк (МРЗС) - пенициллин қатарындағы антибиотиктерге тұрақтылығы бар бактериялар тобы, бұл көптеген онжылдықтар бойы стафилококты және тері инфекцияларын антибиотикпен емдеудегі күрделі мәселе болды. Бұрынырақта МРЗС халықтың аз тобында, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінде және егілетін наркотиктерді қолданатын адамдар арасында таралған болатын. Бүгінде МРЗС жалпы халықтың тері инфекциясының жиі себебі болуда. МРЗС қазір «пенициллин қатарынан емес» антибиотиктермен және зақымданған теріге жергілікті күтім жасау арқылы табысты емделеді. Сирек жағдайда МРЗС терінің және жұмсақ тіндердің күрделі (терең) инфекцияларын туындатуы мүмкін. Стафилококты инфекция, әдетте, ұсақ қызыл түйіндерден немесе ірің толған түйіндерден басталады, олар қысқа уақыттың ішінде терең, ауырсынатын ойық жараға айналуы мүмкін. Егер теріңізде қызыл түйінді немесе ірің толған түйінді байқасаңыз және инфекцияның белгілері болса (зақымданған тұстың ауырсынуы, қызаруы және ісінуі) шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Көптеген науқастар түйіндерді өрмекшінің шағуы деп санап, қателеседі. Антибиотикпен емдеуді өткізудің алдында дәрігер терінің зақымданған тұсынан қырынды алып, зерттеу тағайындауы мүмкін. МРЗС жұқпалану симптомдарына ұқсайтын белгілер болуында, және МРЗС талдауының нәтижесі оң болса, дәрігер таблетка түріндегі антибиотик қабылдауды және зақымданған теріге жергілікті емдеу тағайындайды. Инфекцияның сау жерге таралмауы үшін қолды және дененің басқа ашық тұстарын таза ұстау қажет, ал жаралар емдеу кезінде зарарсыз дәкемен таңылуы тиіс.

Тілді таңдау