Жүктелуде...
 

Инфекциялық токсикалық шок

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 07:14 - (3462 Оқылымдар)

Инфекциялық токсикалық шок - күрделі ауру болып есептеледі. Бұл жағдайда адамда, қалтырау пайда болады, ішкі органдардың қызметі бұзылады.

Тіс эмальдарының өзгеруі (Патологиялық желінуі, сына тәрізді ақау)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 07:02 - (2091 Оқылымдар)

Патологиялық желіну және сына тәрізді ақау – тістің эмалі деп аталатын сыртқы жабындысының екі типті зақымдануы. Кейде олар да тістің түпкі терең жағын зақымдайды.

Патологиялық желіну тіс эмаліне ылғи түрлі нәрселердің тиюінен, және соның әсерінен оның жұқаруынан туындайды. Тісті шамадан тыс көп жуа беру де дерттік жойылудың себебі болып табылады. Тіс щеткалары да, алынбалы-салынбалы жасанды тістер де эмальдің бұзылуына әкеледі.

Инсулинома (қан құрамындағы инсулиннің көбеюі)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:45 - (3374 Оқылымдар)

Инсулинома – бұл ұйқы безінің ісінуі. Ұйқы безі ісінгенде гормоннан инсулин шамадан тыс көп бөлінеді.
Инсулин ұйқы безінің гормоны, қан құрамында глюкоз бөлінгенде, ұйқы безінен инсулин бөлінеді.

Тіс протездері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:42 - (1226 Оқылымдар)

Тіс протездері – импланттанып, жоғалған тістердің орнына қойылған жасанды тістер. Тіс протездері толық және ішінара болып келеді. Толық протездер астыңғы немесе үстіңгі жаққа толығымен киіледі. Ішінара протездер бір немесе бірнеше тістің орын жауып туру үшін киіледі.

Тіс аурулары

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 06:40 - (1519 Оқылымдар)

Адам тістері сүйек типтес мықты материалмен толықтырылған. Тістің ішінде жүйке және қан тамырлары бар. Тіс адамға көптеген қажеттіліктерді өтеу үшін қажет. Мысалы, тамақтану үшін, сөйлеу үшін және тімті күлу үшін де.

Гингивостоматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:31 - (481 Оқылымдар)

Гингивостаматит – ауыз қуысы мен қызыл иектің инфекциялық ауруы, ойық жараның түзілуімен, тіндердің ісінуімен сипатталады. Аурудың қоздырушысы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.

Қызыл иек аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:29 - (1298 Оқылымдар)

Егер сіздің қызыл иегіңіз ауырса, ыңғайсызданбаңыз, сіз жалғыз емессіз. Қазіргі уақытта ересек адамдардың көбінде осындай немесе осыған ұқсас аурулар туындауда. Аталмыш аурулар алдымен қабынудан басталады, оны гингивит деп атайды. Содан соң тісті ұстап тұратын сүйектер мен тіндер зақымданады. Қызыл иектің ауруы асқынып кетсе тістердің түсуіне бірден-бір себеп болады.

Ауыз қуысының гигиенасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:20 - (6255 Оқылымдар)

Тістердің бұзылуы, қызыл иектің қабынуы негізінен тіс өңезі мен тіске жабысқан тамақтан қалған бактериялардың әсерінен болып жатады. Тіс қақтары тамақтан кейін 20 минут өткенде түзіле бастайды. Егер бұл өңезді әр күн сайын тазалап отырмаса, тістің бұзылуына себеп болады. Өңездің сіресіп қатуынан тіс тастары пайда болады.

Тіс, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Біз тіс арқылы тамақты шайнап, қажетті азықты бөліп, қажетінше дәмін сезінеміз. Жақсы гигиена сақтау арқылы ауыз қуысында түрлі бактериялардың дамуын тежей аламыз және ауыз қауысы мен тістерімізді зақымданудан қорғаймыз.

Герпетикалық баспа (ангина)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:08 - (937 Оқылымдар)

Герпетикалық баспа (ангина) – бұл вирустық ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен (қалтырау) және тамақ тілшесі мен ауыз қуысында жараның пайда болуымен сипатталады.

Аллергиялық реакция: алғашқы көмек

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 05:51 - (249 Оқылымдар)

Демікпе және аллергия жайында толығырақ мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/233

Астан болатын аллергия жайында мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/9591

Төменде аллергиялық реакция туындағанда қандай алғашқы көмек көрсету керектігі жайында ақпарат берілген.
Аллергияның жеңіл және салмақты ауыртпалығы болады:

Алдымен өзіңіз сабыр етіңіз, және осы жағдайға тап болған адамды тыныштандырыңыз. Адам абыржығанда симптомдар көтеріліп кетуі мүмкін.
Аллергенді теңестіріп көріңіз және мұндай аллергендерден алдағы уақытта аулақ жүруге тырысыңыз. Егер араның шаққанынан аллергиялық реакция пайда болса, қатты заттың көмегімен оның инесін алып тастаңыз. Мысалы, тырнақпен немесе пластикалық кредит картасымен. Қысқыш қолданбаңыз. Теріге қадалған жәндіктің инесін сығып жіберсе, одан у таралуы мүмкін.

Тілді таңдау