Жүктелуде...
 

Жүктілік кезінде қандай жағдайлар орын алады

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:21 - (54890 Оқылымдар)

Ұрықтану кезінде эмбрион жатырдың ішкі қабырғасына жабысады және ол жерде көлемі ақырындап үлкейіп, даму процессін бастайды. Акушерлік-гинекологияда ұрықтың нақты уақытын анықтау қиын, сондықтан эмбиронның жасын білу үшін соңғы етеккір келген күннен бастап, ұрық болып қалыптасқан алғашқы күнді есептеу арқылы тұжырымдама жасалынады. Жүктілік уақытын «гестанционды кезең» деп аталатын жолмен есептейді. Етеккірлік циклдің алғашқы 10 күні «аналық жасушаның жетілуі» (ovulytsiy ) деп аталады. Бұл уақытта аналық жасуша аналық безден фаллопиев түтігі бойымен жіберіледі, ол жерде аталық жасушамен (еркектің шәуетінің құрамында болатын ұрықтанатын жасуша) тоғысады, содан ұрық пайда болады, оны ұрықтану деп атайды. Ұрықтану кезінде аталық жасуша аналық жасушамен шағылысып ұрықтық тұқым түзеді, оны ұрықтанған жасуша (zigota) деп атайды. Бұл кезде ата-аналық (жұмыртқа) және әкесінің (ұрықтың) генетикалық материалдың (хромосомалардың) бірігеді: ұрықтың генетикалық материалы, ол ана мен әкесінің бірдей хромосомалары болып табылады. Сонымен қатар, зигота ары қарай екі клеткаға бөлінеді, содан кейін төрт, сегіз, он алты және т.б. жасушаларға бөліп отырады.

Шанкр (қатты шанкр)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:20 - (1144 Оқылымдар)

Қатты шанкр – бұл кішкентай, аса қатты ауырмайтын ашық ойық жара, жыныстық мүшенің терісінде, ауыз қуысында, тік ішек немесе аш ішекте мерез кезінде кездеседі.

Неліктен біз жыныстық қатынасқа түсеміз?

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:15 - (1664 Оқылымдар)

Статистикаға сәйкес, әрбір әйел жыныстық қатынас туралы орташа есеппен екі-үш күнде, ал еркек кемінде күніне бір рет ойлайды екен. Алайда, өзіміздің кіндігіміздің төменгі жағындағы нәрсені талқылауға келгенде, қоғамдық санадағы кертартпалықты байқауға болады. Негізі, секс күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның денсаулығымызға және ұзақ өмір сүруімізге тікелей қатысы бар. Сондықтан, біз жыныстық қатынас туралы, мысалы, оргазм, эякуляция және белсіздік сияқты нәрселер туралы айтудан ұялмауымыз керек

Үрпінің (несеп шығару жолының) мәселелері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:12 - (1084 Оқылымдар)

Үрпі (несеп жолы) – бұл түтікше, оның бойымен несеп ағзадан ағып шығады. Еркектерде, бұл түтікше ұзын болады, ол сыртқы жағы жыныс мүшесімен жалғасады. Еркектерде ол түтікшеден шәует те шығарылады. Ал әйелдерде үрпі қысқа болады, және ол жатырдың үстінде орналасқан . Үрпі мәселелері ағза қартайғанда, түрлі ауруларға тап болғанда немесе жарақат алғанда мазалайды.

Көмей қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:04 - (6882 Оқылымдар)

Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Көмей қатерлі ісігі жайлы не білуге болады» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about throat cancer).

Көмей__ – мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, кеңірдектің жалғасы болып табылатын мүше. Оны сонымен қатар - дауыс қорабы деп те атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5Х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, өңештің алдында орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын, 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – жұтқыншақ деп аталады.

Сексуалды тартымдылық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:00 - (1105 Оқылымдар)

Ерлер секспен ләззат алу үшін, ал әйелдер - махаббат үшін айналысады. Бұл мәлімдеме ғасырлар бойы жалғасып келеді. Шынымен де солай ма? Неге Виагра сияқты дәрілер әйелдер үшін емес, ерлер үшін соншалықты танымал және тиімді? Бұл препарат эрекцияны тудыруы мүмкін, бірақ махаббат сыйлай алма ма? Әрине, Виагра секілді дәрі-дәрмектер ерлерде әйелдерге қарағанда, ерлердің жыныстық қозуын тудыруы оңайырақ. Бірақ, біз көріп отырғанымыздай, бұл ортақ ләззатты бере алмайды, әйелдерге жыныстық жағынан ләззат алу үшін, оған алдымен сүйіспеншілік қажет.

Жыныстық ынталандыру: тартымдылықтың нақты себептері

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 04:57 - (604 Оқылымдар)

Ғалымдар әйелдердің бойынан 200-ден астам түрлі жыныстық ынталандыруды анықтады. Бұған таңырқамай-ақ қойса да болады, олар әртүрлілігімен ерекшеленеді - ең қарапайымнан («Маған қызықсыз») руханиға дейін («Мен Құдайға жақын болғым келді»), альтруисттер арасында («Мен, өз күйеуімнің өзі жайында жақсы пікірде болғанын қалаймын») және тіпті кек алу мақсатында («Мен күйеуімді алдағаны үшін жазалағым келді») секілді ынталандырулар болып жатады.

Эпидермалық жылауық (киста)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:25 - (188 Оқылымдар)

Эпидермалық жылауық немесе майлы жылауық - бұл терінің жоғарғы қабатының астында пайда болатын, ірімшік тәрізді майлы затқа (тері майына) толы қуыс. Бұл жылауықтар жиі бас, құлақ, бет, арқа, ұма терісінде пайда болады. Оның басты себебі, шаш фолликулы өзегінің бітеліп қалуы.

Геморройдың алдын алудың тиімді әдістері

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:22 - (149 Оқылымдар)

Құрметті дәрігер:

Геморройды өзіндік емдеудің қандай әдістерінің бар екендігін айтып бере аласыз ба?

Құрметті оқырман:

Геморрой – өте кең таралған және әбден жетер жеріне жетіп болған сырқат. Бақытымызға орай, аурудан туындаған ыңғайсыздықты азайтуға жеткілікті қарапайым және тиімді әдістер бар, олар да геморройды емдеуге үлес қосады.

Геморрой

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:16 - (189 Оқылымдар)

Геморрой – айналшық пен тік ішектің төменгі бөлігіндегі веналардың кеңеюінен туындайтын ауру.

Геморрой өте кең таралған ауру болып саналады. Бұл анал тесігі аумағына аса қатты қысым түскендіктен пайда болады. Бұл жағдай жүктілік кезінде, босану кезінде, сондай-ақ іш қатуынан да туындауы мүмкін. Қысым қалыпты тамырларды кеңейтіп, айналшық аумағындағы тіндердің ісінуін тудырады. Жиі ішек толқи жиырылуының әсерінен бұл тіндер қансырауы мүмкін.

Тілді таңдау