Жүктелуде...
 

ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ ОДАН ТЫЙЫЛУ ЖОЛДАРЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-05 05:06 - (235 Оқылымдар)

Темекі — білдіртпей алатын ажал. Мектеп қабырғасынан бізді никотиннің бір грамы жылқыны өлтіреді деп үйретті. Егер темекі тартатын болсаңыз, сізде қандай да бір ауру дамып, жасыңыздан бұрын өлуіңіз ғажап емес.

СТРЕСС ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-05 03:42 - (275 Оқылымдар)

Стресс бұл өмірде болатын әр түрлі жағдайларға қайтарылатын қалыпты физиологиялық реакция. Қызметтің өсуіне немесе үйлену тойына қатысты жағымды стресс те болуы мүмкін. Сонымен бірге, стресс жағымсыз жаңалықпен, дау-жанжалмен немесе жұмыссыз қалумен, жолдағы кептелістермен және басқа жайсыз жағдайлармен байланысты болуы ықтимал.

ДЕНЕ САЛМАҒЫН БІР ҚАЛЫПТА ҰСТАУҒА ЖӘНЕ СЕМІЗДІКТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУГА БОЛАДЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-04 02:11 - (338 Оқылымдар)

СЕМІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Қазіргі заманда ең маңызды проблемалардың бірі семіздік болып отыр. Дамыған елдерде 10 адамның әрбір үшіншісі семіздіктен зардап шегеді. Семіздік дегеніміз адамның салмағы қалыпты салмактың ең жоғарғы шегінің 20 пайызынан артық дегенді білдіреді.

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАЛАЛСЫЗ БОЛУЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 11:32 - (205 Оқылымдар)

Тағам өнімдері адам организміне зиянды бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, уыттармен, сондай-ақ химиялық заттармен ластануы мүмкін. Мұндай өнімдерді тұтынудан сақтану керек. Залалданған азық-түліктерді пайдалануға байланысты сырқаттардың сыр беруі асқазан-ішек жолы белгілерінен (іш өту, жүректің айнуы, құсу, іштің құрысуы және сусыздану) бастап сал және менингит секілді ауыр ахуалдарға дейін ауытқиды. Ластанған тағамды пайдаланудан туындайтын аурулардың қаупін азайтуға мүмкіндік беретін қарапайым шаралар бар. Оларды дәрігерлер мен мамандардың көмегіне жүгінбей, үй жағдайында қолдануға болады.

НӘРЛІ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 02:33 - (271 Оқылымдар)

Автокөліктің қозғалысқа келтіруші бөліктері секілді адамның бұлшық еттері де отынды - қуат көзін қажет етеді. Адамда бұл қуат көздері — ішілетін тағам, сондай-ақ май мен глюкоза түріндегі организмнің қуат қорлары.
Қуаттан өзге организм тамақпен бірге өсу, даму, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін қажетті ақуыздар, дәрумендер, минералдық заттар секілді көптеген заттарды қабылдайды.
Адам күн сайын 2 кг шамасында тағам қабылдайды. Бұл өмір бойы біздің асқазан-ішек жолымызбен жүріп, организмімізге түсетін тағамдық заттар шамамен жетпіс тонна болады деген сөз. «Ас адамның арқауы» дегенді жиі айтамыз. Сондықтан денсаулық пен ұзак өмір үшін сапалы және тиімді тамақтану маңызды.

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА

Автор: student_k - Жарияланды 2019-03-12 02:50 - (391 Оқылымдар)

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА
Алдыңғы тарауда айтылғандай, адам тәнінің үштен екісі судан тұрады. Стаканда, тұрып қалған судың немесе тоспадағы шалшық судың пайдалануға жарамайтынын бәріміз жақсы білеміз. Уақыт өте келе оны шырыш қаптайды, лайланады, уытты суға, инфекция көзіне айналады. Балдыр өсіп кеткен тоғандар мен су айдындарын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Біз қимылсыз, енжар өмір сүргенде де организмімізде осыған ұқсас құбылыстар пайда болады.
Екінші жағынан алып қарағанда, су қозғалып, шайқалғанда оған жан бітеді. Ағын су — бұл, әдетте, балғын су. Ағып жатқан өзендер мен сарқырамалар әрқашан адамды баурап алады, оларға қарау жағымды әсер береді. Біз дене белсенділігін сақтағанымызда организмімізді дәл осымен салыстыруға болады. Қимыл-қозғалыс организмді
жаңартады, уыттарды жояды, ойды ширатады, күш, қуат және сұлулық сыйлайды.

СУ -ТІРШІЛІК КӨЗІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-27 10:35 - (341 Оқылымдар)

Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұратындығы белгілі. Және де бастың ми жасушаларының 85 пайызы — су. Тіпті адам сүйегінің де 25 пайызы судан түрады. Адам корексіз бес-жеті апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмаймыз. Тәндегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс.

2-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-24 08:51 - (159 Оқылымдар)

Махаббат және бақыт ұғымдарын бір мағынамен түсіндіру қаншалықты қиын болса, денсаулыққа бір сөзбен анықтама беру де соншалықты ауыр. Денсаулық - көп қырлы, көбіне түйсінуге келмейтін, және сонымен бірге нәзік, көмескі нәрсе. Оны оп-оңай жоғалтып алуға және бүған өмір бойы өкінумен өтуге болады.

ЖАКСЫ ОРТА - ЖАН АЗЫҒЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-18 14:52 - (152 Оқылымдар)

Кез-келген жаста адамның әлеуметтік ортасы мен денсаулығы арасында байланыс болады. Әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қолдау денсаулыққа жағымды әсер етеді және жасқа байланысты ауру қаупін төмендетеді.

Тілді таңдау