Жүктелуде...
 

ҰЗАҚ ҒҰМЫР ҚҰПИЯЛАРЫ: ОЙЛАУ ҚЫЗМЕТІ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ АЛЬТРУИЗМ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-09 02:42 - (110 Оқылымдар)

ОЙ КҮШІ ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ

Ой күші: оны қаншалықты көп жұмсасаңыз — есте сақтау қабілетіңіз соншалықты жақсарады

ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ: ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ НӘРЛІ ТАМАҚТАНУ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-08 06:41 - (177 Оқылымдар)

ӨМІРДІҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖЫЛДАРЫН ҚАЛАЙ ҰЗАРТУГА БОЛАДЫ

Сіз темекі тартасыз ба? Белсенділігіңіз қандай деңгейде және дене жаттығуларымен қаншалыкты жиі шұғылданасыз? Дұрыс тамақтанасыз ба және оңтайлы дене салмағын сақтайсыз ба? Егер аталған сұрақтарға қайтарылатын жауап көңіл толарлықтай болмаса, жағдайды түзетуге белді буып кірісу ешқашан кеш емес.

Ұйқысыздық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:23 - (109 Оқылымдар)

Әрине, әрқайсымыз өмірде кемінде бір рет болсын ұйқысыздықтан зардап шегеміз. Мұндай жағдай емтихан алдында немесе маңызды кездесулердің алдында орын алуы мүмкін, ол кезде сіз ұйықтауға ерте жатып, жақсы тұруға ниеттенесіз. Бірақ оның орнына бірнеше сағат бойы ұйықтай алмай, ары-бері аунақшақтап алдағы оқиғаларға байланысты түрлі нұсқаларды ойлап кетуіңіз де ықтимал. Немесе кейбір жұмыстағы ауыртпалықтың салдарынан «қатты ұйқы қысса», одан кейін төсегіңізге жатып демалайын десеңіз ол арманыңыз орындаймай-ақ қояды, қырсыққанда, төсегіңіз ыңғайсыз болып көрінеді, кейде әртүрлі шуылдаған дыбыстар жүйкеңізге тиіп, содан ұйықтауға деген ниет біржола жоғалады. Осындай проблемалар адамдардың 30-45% -ында жиі кездеседі және олардың жартысы созылмалы болып келеді.

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:10 - (147 Оқылымдар)

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы – бұл сан сүйегінің жоғарғы бөлігінің, яғни сан сүйегі мен жамбас сүйегінің қосылған жерінің сынуы (ұршық буынында). Ұршық буыны сүйектерінің сынуы көбіне сан сүйегінің мойын жағынан төмен және ұршықаралықтан сәл төмен аумақта кездеседі. Көптеген жағдайда ұршық буыны сүйектері толығымен сынады. Толық емес сынуы да болуы мүмкін (сынық түріне байланысты), бірақ бұл жағдай кең таралмаған және ол рентгендік зерттеуде көрінбеуі де ықтимал.

Ұстама

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:27 - (79 Оқылымдар)

Ұстама - адамның бұлшықеттерінің қозғалуын, сөйлеуін, көруін немесе сана-сезімін бақылауға әсер ететін мидағы ауытқымалы электрлік белсенділіктің кенеттен пайда болуы болып табылады. Ұстаманың нәтижесі адамның жеке реакциясына, сондай-ақ түріне, жиілігіне және ауырлығына байланысты.

Ұмытшақтық және (немесе) сананың шатасуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:15 - (84 Оқылымдар)

Заманауи өмір ырғағында сәйкес, адамдардың көбісінде кейде ұмытшақтық байқалып жатады. Аталмыш проблема тек қана үлкен кісілерді емес, жас адамдарды да мазалайтын болған. Сананың шатасуы – бұл адамның анық ойлауға қабілетінің бұзылуы болып табылады. Егер сізді ұмытшақтық немесе сананың шатасу ұстамалары жиі мазалап жатса, сіз міңдетті түрде дәрігерге қаралуыңыз керек.

Ұйқының қануы – саулықтың кілті

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-05 06:24 - (103 Оқылымдар)

Ұйқының толық қануы денсаулық үшін аса маңызды. Ұйықтағанда ағза тынығады, жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, иммундық жүйенің «қуатталады», негізгі органдардың жұмысы қайта қалпына келеді, ал ескі жасушалар жаңаларға ауыстырылады. Сіздің ақыл-есіңіз тыныш, жаңа деңгейге ауысады.

Ал керісінше ұйқы қанбаса ағза үшін ол зиянды болып қалуы мүмкін. Түнгі тыныш ұйқы - бұл тегін ләззат алу, ал ұйқының жетіспеушілігі сіздің денсаулығыңыз үшін қымбат тұрады. Өкінішке қарай, көптеген адамдар ұйқысыздықтан зардап шегеді, сондықтан денсаулығына байланысты проблемалар туындайды.

Ұйқы безі (панкреас)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 10:02 - (212 Оқылымдар)

Ұйқы безі – іш қуысында асқазан мен бел омыртқаның арасында орналасқан, асқорыту жүйесінің маңызды мүшесі болып табылады. Ол – бауыpмен, ішектермен және басқа да ішкі мүшелермен шектеседі. Қалыпты ұйқы безінің ұзындығы 15 см құрайды. Қалпы – ұзын алмұрт тәрізді. Ұйқы безінің кең бөлігін – басы, ортаңғы бөлігін – денесі, жіңішке бөлігін – құйрығы деп атайды.

Ұйқыдағы апноэ

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:29 - (114 Оқылымдар)

Ұйқыдағы апноэ – ұйқының күрделі бұзылысы. Бұл дертке шалдыққан науқастарда ұйқы кезінде 10-30 секундқа тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Түн ішінде 400 рет тыныс алудың осындай қысқа тоқтауы болуы мүмкін. Егер Сізде ұйқыдағы апноэ болса, тыныс алудың тоқтау кезеңдері ұйқыңызды бұзуы мүмкін (олардың салдарынан оянбайтын болсаңыз да).

Ұлғайған аденоидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:45 - (68 Оқылымдар)

Аденоидтар – мұрын мен көмейдің артқы қабырғасының арасындағы тыныс алу жолдарында орналасқан лимфалық тіндердің жинақталуы. Олар бадамшабезге ұқсас.

Ұлғайған аденоидтар – осы лимфалық тіннің ісінуі.

Тілді таңдау