Жүктелуде...
 

Құлақтың құлығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:08 - (109 Оқылымдар)

Есту каналы түкті фолликулдардан және құлақтың құлығын өндіретін бездерден тұрады. Құлық әдетте, сыртқа қарай жылжиды және құлақты шайғанда оны тазалауға болады.

Бірақ, құлық жиналып, тығын пайда болуы және есту каналын бітеуі мүмкін. Құлық – естімей қалудың жиі кездесетін себептерінің бірі.

Құлақтың баро-жарақаты

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 15:53 - (113 Оқылымдар)

Құлақтың баро-жарақаты – дыбыс жарғағының сыртқы және ішкі жағындағы қысым деңгейлерінің күрт айырмашылығы нәтижесінде ортаңғы құлақтың зақымдануы.

Қажу (қатты шаршау)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:17 - (98 Оқылымдар)

Қажу – шаршауды, әлсіздікті, күштің болмауын сезіну.

Қажуды ұйқы басудан айыра білу қажет. Ұйқы басуы – ұйқыға арналмаған уақытта ұйқысы келуді сезіну.

Қажу – энергия мен күштің болмауы. Ұйқы басуы және апатия (айналаға көңіл бөлмеу) қажудың белгілері болуы мүмкін.

Қажу – организмнің денелік, көңіл-күйлік ширығуына, зерігуге немесе ұйқысыздыққа қалыпты және негізгі жауапты серпіні болуы мүмкін. Алайда, бұл күрделі психикалық немесе денелік жағдайдың белгісі де болуы мүмкін. Егер қажу жеткілікті ұйқыдан, жақсы тамақтанудан немесе тыныштану жағдайынан кейін де басылмаса, дәрігерге көріну қажет. Қажу – жалпы симптом және күрделі аурудың себебі емес.

Қажуды толық сипаттау – дәрігерге оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Мысалы, егер таңертең қалыпты жағдайда оянсаңыз, бірақ, қажу жүктемеден кейін тез орнайтын болса, оның себебі қалқанша бездің қызметімен байланысты болуы мүмкін. Ал басқа жағынан, егер күні бойына созылатын қажу және энергия жетіспеу сезімімен оянатын болсаңыз, бұл депрессиялық жағдай болуы мүмкін.

Тілді таңдау