Жүктелуде...
 

Эпидемиялық паротит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:44 - (402 Оқылымдар)

Эпидемиялық паротит (борықтану деп те аталады) - вирустық ауру, құлақ маңайындағы сілемей безінің қабынуын және ұлғаюын туындатады. Құлақ маңайындағы сілемей безі құлақ пен иектің арасында орналасады. Бұл бездер тамақты шайнауға және жұтуға көмектесетін сілемейді өндіреді. Аурудың ауыр өтуінде дертті үрдіске басқа ағзалар да қамтылады.

Энтропион (қабақтың өзгеруі)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:34 - (122 Оқылымдар)

Энтропион немесе қабақтың өзгеруі – қабақтың бөлігінің немесе барлық шетінің ішіне қайырылуы, осыдан мөлдірқабыққа кірпіктер тиіп тұрады. Мөлдірқабық – бұл көз ұясының алдыңғы дөңестеу мөлдір бөлігі.

Энтеробиоз (ішекқұртымен жұқпалану)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:22 - (365 Оқылымдар)

Энтеробиоз – ішекқұрттардан туындаған адамның паразиттік ауруы.

Адам ішекқұртты олардың жетілген жұмыртқасы тағаммен аузына немесе шаңмен ішіне түскенде жұқтырады. Энтеробиозға ұшыраған адам саусағы ластанғанда өзіне-өзі жұқтырады (науқастар айналшықтың маңындағы теріні қасиды, себебі күшті қышу мазайлайды).

Науқастың терісінде ішекқұрттық аналығы салған жұмыртқалар 4-6 сағаттан кейін жетіледі де адам жұқпалы болады. жұмыртқалар төсекке және науқастың іш киіміне, үйдегі және жұмыс орнындағы заттарға түседі.

Эндометрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 04:56 - (523 Оқылымдар)

Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының қабынуы. Бұл аурудың эндометриоздан айырмашылығы бар.

Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады.

Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ).

Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).

Эндометриоз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 04:50 - (468 Оқылымдар)

“Эндометриоз” терминімен жатырдың сілемей қабатының ауруы аталады. Жатырдың сілемей қабаты эндометрий немесе эндометроидтық тін аталады. Қалыпты жағдайда етеккір кезінде эндометрийдің ажырауы өтеді.

Эктодермалдық сегізkөз-құйымшақтық синус

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-18 10:08 - (142 Оқылымдар)

Эктодермалдық сегізkөз-құйымшақтық синус (құйымшақтық эпителийлік жол, пилонидалдық синус) – бұл сегізkөз аумағындағы майлы талшықта тері астындағы тар түтік түрінде көрінетін және бөксе арасындағы ортаңғы сызық бойынша бір немесе бірнеше саңылаумен ашылатын ауру.

Синустың ұзындығы: 2 - 10 см болуы мүмкін, тері астындағы талшықта аяқталады және құйымшақпен тікелей байланысты емес. Құйымшақтық эпителийлік жолдың ішкі бетінде түктер, тер және май бездері болады.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау