Жүктелуде...
 

Физикалық жаттығулардың қандай пайдасы бар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-08 04:20 - (943 Оқылымдар)

Дене белсенділігінің жүрек ауруының қаупін едәуір төмендететіні дәлелденді. Қозғалыс біздің жүрегімізді тынығуға көмектеседі екен. Аз қозғалатын өмір салты ұстанатын адамдардың жүрегі, белсенді адамдарға қарағанда әлдеқайда көбірек күш жұмсауға мәжбүр. Өте аз қозғалатын адамның жүрегі қанша аз қозғалыс жасаған сайын минутына 80 есеге дейін қысыла береді екен. Алайда, белсенді адамдарда жүректің қысылу ырғағы минутына 60-70 соққы алады. Бұл тәулігіне шамамен 85 мың жүрек қысылуын, ал аз қозғалатын адамдарда жүрек күн сайын 110 мыңнан астам рет қыссылуға мәжбүр болады. Салыстыру үшін, егер сіз күн сайын автокөлігіңізде шамамен 100 шақырым жүрсеңіз, онда бұл айырмашылық шамамен 30 километрге тең.

Фотофобия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:24 - (101 Оқылымдар)

Фотофобия – адамның жасанды немесе табиғи жарыққа қалыпты қарай алмауы. Бұл ақау көбінесе көздің құбылмалы қабығының қабынуынан, инфекция түскеннен, немесе шын айнаның (роговицы) зақымдануынан пайда болады.

Фолликулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:45 - (142 Оқылымдар)

Фолликулит – бұл тері астында орналасқан шағын қалташалар - фолликулдардың инфекциясы немесе қабынуы, фоликулдарда шаш түзіліп, өседі. Фолликулит дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, бірақ, ол шаш түбінде, киімнің денеге үйкелетін тұстарында – мысалы, қолда, бөкседе жиі болады.

Фобиялар (қорқыныштар)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:38 - (67 Оқылымдар)

Фобиялар үрейлену (мазасыздану) бұзылысының бір түрі (http://www.zdrav.kz/node/9420). Бұл бір нәрседен (шынайы қауіпсіз) қатты негізсіз (иррационалдық) қорқу.

Телімді фобиялардың түрлері көп. Акрофобия – биіктіктен қорқу. Агорафобия – қоғамдық жерлерден қорқу, клаустрофобия – жабық кеңістіктен қорқу. Егер мазасыз және қоғамдағы күнделікті қатынаста аса ұялшақ болсаңыз, әлеуметтік фобия болуы мүмкін. Фобияның басқа да таралған түрлері туннельдермен, кең жолда көлікте жүрумен, сумен, ұшумен, жануарлармен және қанмен байланысты.

Фимоз және парафимоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:24 - (948 Оқылымдар)

Сүндетке отырғызылмаған ерлерде пенистің ұшы «күпек» атауымен белгілі тері қабықшамен жабылған. Фимоз кезінде күпектің тарылуы пайда болады, ол жыныстық мүшенің ұшында тығыз тартылып, қайтадан орнына еркін қайта алмайды. Фимоз табиғи көрініс болуы мүмкін. Мысалы, 4 жасқа дейінгі ұлдарда әдетте, күпекті ысыру қиын. Жас адамдарда, ерлерде фимоз көбінесе күпектің қабынуына (баланит) немесе қант диабеті секілді басқа ауруларға байланысты болады.

Парафимоз күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, оны қысқанда пайда болады. Күпек өзінің бастапқы жағдайына қайтпайды және пенистің ұшын жаппайды. Бұл ісінудің, ауырсынудың, пенистің ұшына қан келуінің шектелуіне апаруы мүмкін. Егер күпек өзінің табиғи орналасу жағдайына қайтпаса, күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.

Тілді таңдау