Жүктелуде...
 

Ойық жаралы колит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-31 06:07 - (154 Оқылымдар)

Ойық жаралы колит (ОК) немесе телімді емес ойық жаралы колит – тоқ ішектің түрлі бөлімдерінің (өрлемелі тоқішек, көлденең тоқішек, төмендемелі тоқішек, сигма тәрізді, тік ішектер) тіні қабынып, бұзылысқа ұшырайды. Үрдіске көбінесе, тік ішек қатысады.

Овуляция

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 18:24 - (215 Оқылымдар)

Овуляция бірізді гормондық үрдістердің салдарынан болады. мида орналасқан гипофиз ФСГ (фоликул түзілуін ынталандыратын гормон) және ЛГ (лютеиндейтін гормон) гормондарын бөледі, олар қан ағынымен аналық безге түседі.
Бұл гормондар аналық бездің біреуінде ұрық жасушаның жетіліп, босатылуына белгі береді.
Талшықтардың қозғалуы ұрық жасушасына жатыр түтікшесі арқылы жатырға өтуіне көмектеседі. Ұрық жасуша сперматозоидпен ұрықтанады немесе ұрықтанбаған болса, ыдырайды.

Остеопороз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:52 - (859 Оқылымдар)

Остеопороз – бұл ушығып, сүйектің сынғыштығына және жұқаруына апаратын ауру. Бұл кезде сынықтардың пайда болуы ықтималдығы артады. Ауру көбінесе, 50 жастан асқан әйелдер арасында минералдық алмасудың бұзылысында және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады. Остеопорозға сүйектің түзілуі үшін маңызды балалық, жасөспірімдік шағында тамақпен бірге минералдық заттектердің оңтайлы мөлшерін алмаған адамдар бейім келеді.

Остеоартрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:42 - (130 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Остеоартрит – буындардың соғылуынан сақтайтын шеміршек уақыт өте бұзылатын жағдай. Түбінде, сүйек – бұрын шеміршекпен бөлінетін– бір біріне үйкеле бастайды, нәтижесінде, төменірек орналасқан сүйек тіннің бұзылуы орын алады, бұл буын симптомдарын туындатады. ревматоидтық артриттен айырмашылығы - остеоартрит тіндердің қабынуымен қосарланбайды.

Ортостатикалық коллапс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:35 - (108 Оқылымдар)

Ортостатикалық коллапс немесе ортостатикалық гипотензия – дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде алғашқы үш минутта болатын артериалдық қысымның (АҚ) төмендеуі.

Бұл жағдай артериалдық қысымның төмендеуі салдарынан миға қан келуінің жеткіліксіздігінен пайда болады. Көбінесе, ортостатикалық гипотензия тамыр ширақтығы әлсіреген адамдарда пайда болады.

Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:29 - (128 Оқылымдар)

Ортан жіліктің ұшының эпифизиолизі – ұршықбуынның ұшының өсудің жоғарғы аймағы деңгейіндегі ортанжіліктен бөлінуі.

Омыртқаның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:27 - (83 Оқылымдар)

Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.

Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.

Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.

Омыртқа бағаны каналының стенозы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 17:18 - (125 Оқылымдар)

Омыртқа бағаны каналының стенозы – омыртқа бағаны каналының тарылуы, ол жұлынға қысым түсуі немесе омыртқалар арасындағы саңылаудың тарылуы салдарынан болады.

Тілді таңдау