Жүктелуде...
 

Мойын артриті (спондиллез)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:59 - (115 Оқылымдар)

Мойын спондилезі - мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Бұл көбінесе, мойындағы созылмалы ауырсынудың себебі болады.
Омыртқа бірнеше бөлімнен тұрады. Мойын омыртқалары мойынды құрайды. Кеуде омыртқалары кеуде бөлімін құрайды, оларға қабырғалар бекітілген. Бел омыртқалары соңғы кеуде омыртқасы мен сегізкөздің жоғарғы бөлігінің арасында орналасқан. Сегізкөздік омыртқалар жамбастың жамбас сүйегіне бекітілген, құйымшақ – соңғы омыртқа немесе рудиментарлық (организмнің эволюциялық дамуы үрдісінде негізгі мәнін жоғалтқан) құйрық.

Мононуклеоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:50 - (291 Оқылымдар)

Мононуклеоз - вирустық инфекция, қызба, баспа (ангина) пайда болуымен, лимфалық түйіндердің ұлғаюымен, әсіресе, мойын аумағындағы, сипатталатын ауру.

Мерез

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:36 - (79 Оқылымдар)

Мерез - бактериалдық инфекция, көбінесе, жыныстық қатынас арқылы тарайды.
Мерез - инфекциялық ауру, жыныстық жол арқылы, Treponema pallidum спирохеті арқылы туындайды. Бұл бактериямен жұқпалану тері немесе сілемей қабығы арқылы өтеді, әдетте, жыныстық мүшелер аумағында. Мерез жыныстық жол арқылы жиі беріледі, бірақ, басқа берілу жолдары да бар.

Менопауза (етеккір тоқтау шағы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:04 - (114 Оқылымдар)

Менопауза – әйелдерде етеккірдің толығымен тоқтауы. Ол аналық бездің қызметінің өшуінде және әйелдердің жыныстық гормондары - эстроген мен прогестеронның өндірілуінің азаюында пайда болады. Бұлар етеккір айналымын реттейтін гормондар. Менопауза орнауының уақыты әр түрлі, қалыпты жағдайда 40-59 жаста болды. Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс.

Пременопауза – менопаузаға дейін 3-5 жыл уақыт кезеңін сипаттайтын термин.

Меньер ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:42 - (114 Оқылымдар)

Меньер ауруы – ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық мөлшерінің ұлғаюына апарады және тепе-теңдік сезіміне және естуге әсер етеді.

Мастоидит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:34 - (390 Оқылымдар)

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.

Мастит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 12:19 - (152 Оқылымдар)

Сүт безінің инфекциясы – сүт безі тіндерінің жұқпалануы.

Емізетін әйелдерде көптеген инфекциялар бактериялардың емшек ұшы арқылы енуінде пайда болады. Ауыр инфекцияларда абсцестер (іріңді қабыну) пайда болады. Емдеу үшін антибактериалдық препараттар қолданылады.

  • 1
  • 2
  • 3 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау