Жүктелуде...
 

ЖАКСЫ ОРТА - ЖАН АЗЫҒЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-18 14:52 - (152 Оқылымдар)

Кез-келген жаста адамның әлеуметтік ортасы мен денсаулығы арасында байланыс болады. Әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қолдау денсаулыққа жағымды әсер етеді және жасқа байланысты ауру қаупін төмендетеді.

Жанаспалы дерматит

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:15 - (378 Оқылымдар)

Жанаспалы дерматит – бұл ауру қандай да бір затпен тікелей жанасқанның салдарынан туындайды. Ол қабынбалы, жараға түрінде болады, үстіңгі жағы қызарып тұрады.
Жанаспалы дерматиттің екі формасы бар: аллергиядан және тітіркенуден (тиген бір заттың әсерінен) туындаған.

Кейбір өсімдіктер уыт бөледі, одан тері тітіркенеді. Бұл емен ағашының жапырағынан туындаған у болуы мүмкін. Бұл жапыраққа тері тиіп кеткен кезде, түзу жолақтар пайда болады.

Жұқпалы эритема

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:23 - (196 Оқылымдар)

Жұқпалы эритема (erythemainfectiosum) - балаларға тән жұқпалы вирусты ауру.

Әдетте жеңіл түрде өтеді.

Ол неден туындайды? Жұқпалы эритема B19 парвовирусынан туындайды. Ол көбінесе көктем мезгілінде мектепке дейінгі жастағы балаларға әсер етеді. Ауру әдетте бес күнге созылады.

Жұтқыншақ арты абсцессі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:25 - (347 Оқылымдар)

Жұтқыншақ арты абсцессі – жұтқыншақтың артқы бетіндегі тіндерге іріңнің жинақталуы. Бұл адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдай.

Жедел ревматиялық қызба

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 09:15 - (97 Оқылымдар)

Жедел ревматиялық қызба – бұл қабынбалы ауру. Ол А тобындағы стрептококктық бактериялар (жіті фарингит немесе скарлатина) тудыратын инфекцияның нәтижесінде дамиды.

Жүктілік кезіндегі қынаптық қан кету және оның ауырлық дәрежелері

Автор: saulesha - Жарияланды 2018-11-26 11:53 - (130 Оқылымдар)

Қынаптық қан кетудің ауырлық дәрежесін төменде көрсетілген белгілер бойынша анықтауға болады:

• Ауыр дәрежедегі қан кету: 2 сағат ішінде 2 қалың төсеменің және 2 супер тампонның қанға толуы. Ескерту: жүкті әйелде қанның қатты бөлінуі немесе ұйындысының шығуы мүмкін, бірақ егер қан кету тоқтайтын болса, онда бұл жағдайда қан кетудің ауыр дәрежесіне жатпайды.
• Орташа дәрежедегі қан кету: 3 сағат ішінде 1 ең үлкен төсеменің немесе 1супер тампонның қанға толуы.
• Әлсіз дәрежедегі қан кету: 3 сағаттан көп уақытта ең үлкен қалыңдықтағы 1 төсемеден аз қолдану.
• Ең аз (минималды) қан кету: қынаптан бірнеше ғана қан тамшысының шығуы немесе сол жерде дақтың пайда болуы.

Желшешек

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 10:17 - (119 Оқылымдар)

Бұл не? Желшешек – Varicella-zoster герпес вирусымен таралатын жұқпалы ауру. Аталмыш вирустың жұғу жолдары: науқас жөтелгенде, түшкіргенде және денесінде көпіршікті өзгерістер сау адам денесіне жанасқанда жүзеге асады. Желшешек ауруы алғашғы 2-3 күнде өте жұқпалы келеді, яғни науқас денесінде бөртпелер мен көпіршіктер пайда болғанға дейін.

Тілді таңдау