Жүктелуде...
 

Ботулизм (тамақтан уланудан болатын ауру)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:01 - (155 Оқылымдар)

Ботулизм - бұл ботулизмнің таяқшалары жұққан тамақ өнімдерден туындайтын ауру. Қоздырғышы - табиғатта кең таралған анаэроб, ұзақ уақыт спора түрінде топырақта болуы мүмкін. Ол топырақтан, ауыл шаруашылығы жануарларының ішектерінен, сондай-ақ кейбір тұщы балықтардан түрлі тағам өнімдеріне - көкөністерден, жемістерден, астық, ет және т.б. өнімдерден беріледі.

Бронходилататорлар (Бронх кеңейткіштері)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:58 - (241 Оқылымдар)

Бронходилататорлар тыныс алу жолдары саңылауын тарылтатын бұлшықет сақинасын әлсірету арқылы демікпе симптомдарын жеңілдетеді. Олардың бұл әрекеті тыныс алу жолдарының жылдам ашылуына әкеліп, үлкен көлемдегі ауаның өкпеге кіріп шығуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыныс алу жақсарады. Бронходилятаторлар, сондай-ақ, өкпені шырыштан тазартуға көмектеседі. Тыныс-алу жолдары ашылуымен, шырыштың ілгеріленуі үшін бос орын ашылады. Өз кезегінде шырыш жөтелмен бірге шығуы мүмкін.

Бруксизм (тісті шықырлату)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:57 - (194 Оқылымдар)

Бруксизм (тісті шықырлату) – адамның ұйықтап жатқан кезде тісін шықырлатуын атайды.Әдетте бұл ұйқы мезгілінде болады. Бұл процесс әсерінен тіс тегістеліп, үшкірленеді және тістің эмалі құртылып, ауырсыну пайда болады.

Булимия

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:56 - (116 Оқылымдар)

Булимия ( син. ашқарақтық, кинорексия) - аш ішектің жалпы әлсіздігі мен асқазанның ауырсынуымен бірге жүретін патологиялық жағдай, аштық сезімінің күрт күшейе түсуімен сипатталады; гиперинсулинизм, мидың зақымдануы кезінде байқалады.

Екі түрі бар.

Бірінші - жүйкелік булимия – 25-30 жас аралығында пайда болады. Ондай адам ауыр сезімтал, ашушаң болып тұрады да бір нәрсені жеп алғаннан кейін ғана тынышталады. Бастапқы уақытта күйзеліс кезінде тамақ жеп жүреді, кейін кез-келген ыңғайсыздық туындаса тамаққа деген аңсары ауып тұрады. Ол үшін тамақ «өмірінің мәрі» болып қалыптаса бастайды. Бұл ауру – жүйкелік булимия деп аталады.

Бульбоспинальды салдану

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:55 - (72 Оқылымдар)

Бульбоспинальды салдану – бұлшықеттің әлсіздігі және төзімділігінің төмендеуімен сипатталтын өте сирек кездесетін созылмалы ауру. Бұлшықеттің әлсіздігі ақырындап дамиды, бірінші кезекте мимикалық бұлшықеттерді зақымдап, адамда қабақтың төмен түсуі, қосарланып көру, сөйлеу, шайнау және тыныс алу қиындықтары секілді симптомдары пайда болады.

Бурсит (ұра)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:54 - (234 Оқылымдар)

Бурсит (ұра) – іші сұйықтыққа толы буын қалталарының қабынуы. Олар көбінесе аяқ-қол буындарында кездеседі. Негізгі қызметтері осы сүйектердің бір-біріне жанасқанда желінбеуін қамтамасыз етеді және амортизаторлық қызметін атқарады. Буын қалталары дененің көптеген жерлерінде, буындардың ішінде және жанында, сонымен қоса үйкеліс және қысым болатын жерлерде кездеседі. Кейбір бурситтердің арнайы атаулары бар, мысалы: «үй шаруасындағы әйелдің тізесі», «солдат аяғы» және «теннисшінің шынтағы».

Бедеулік

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:10 - (160 Оқылымдар)

Ол дегеніміз не? Бедеулік бала көтертпейтін дәрлерді қолданбай, қос жұптың 2 жыл жыныстық қатынаста болуына қарамастан жүкті болу қабілетсіздігімен сипатталады. Фертилді жастағы әйелдердің 80% жуығы бала көтеруге қабілетті. Алайда, әр 8 жұп бедеулікке душар болады.

Оның себептері қандай? Бедеуліктің болуы еркектерде де әйелдерде де көп кездеседі.Ең көп тараған себептері – овуляцияның және сперматозоидтардың өндірілу қабілетінің бұзылысы, фаллопивиевтік түтіктің, жатырдың және простатаның қабынуы, жыныстық қатынастың ретсіздігі болып табылады. Кейбір кездерде бедеуліктің себебі анықталмай да жатады.

Бүйректің қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:08 - (8927 Оқылымдар)

Бүйрек – асқазанның төменгі бөлігінде, омыртқаның екі жағында орналасатын сыңар мүше. Нақты орны - құрсақ қуысының артқы жағы болып саналады. Әр бүйректің көлемі жұдырықтай болады. Бүйректің жоғарғы бөлігінде бүйрек үсті безі орналасады. Бүйрек және бүйрек үсті безі май тінімен және фиброзды капсуламен (Герот фасциясы) қоршалған.

Бүйрек – зәр шығару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Оның қызметі – зәрмен бірге қаннан шлактар мен артық суларды бөліп шығарады. Зәр әр бүйректің орталық бос кеңістігіне жиналады. Сосын, бүйрек пен қуықты жалғастыратын несепағар арқылы қуыққа құйылып, қуықтан зәр шығару түтігі арқылы сыртқа шығады.

Тағы бір айта кетерлігі бүйрек қан қысымын тепе-теңдікте ұстайтын және эритроциттердің түзілуіне әсер ететін химиялық заттарды да өндіреді.

Бітелмелі тромбангиит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:44 - (1244 Оқылымдар)

Бітелмелі тромбангиит – сирек кездесетін ауру түрі, аяқ-қолдың қантамырларының бітелуімен сипатталады.

Бітелмелі тромбангиит (Бюргер ауруы) ұсақ қантамырлардың қабынуы мен ісінуінен туындайды. Сондай-ақ қан тамырлары тарылады немесе олар тромбпен (тромбоз) бітеледі. Көптеген жағдайларда аяқ-қолдың қантамырлары бітеледі. Көктамырға қарағанда артериялар жиі зақымдалады. Ауру белгілері шамамен - 35 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен бұл аурудан әйелдер мен қарттардың зардап шегуі сирек кездеседі.

Бұғананың сынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:11 - (267 Оқылымдар)

Бұғана дегеніміз не?

Бұғана - иық буынының негізгі сүйектерінің бірі. Ол иықты ұстап тұрады және шынтақпен және топшы-бұғаналық буынмен бірге тұрақтылықты және иықты күшпен қамтамасыз етеді.

Тілді таңдау