Жүктелуде...
 

Анаболикалық стероидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:26 - (1005 Оқылымдар)

Анаболикалық стероидтердің құрамы ер адамдардың жыныстық гармондарына ұқсас болып келеді. Ерлердегі гормоналды бұзылыстарды емдеу, жыныс гормондары кеш жетілгенде және кейбір аурулардың себебінен бұлшық ет массасы жоғалған жағдайларда жүргізіледі. Культуристер мен спортшылар, оларды бұлшық еттерінің массасын көбейту үшін және спорттық қабілеттерін жақсарту мақсатында жиі пайдаланады. Алайда, мұндай мақсатта пайдалану қауіпті.

Ауыр жіті респираторлы синдром (АЖРС, атиптік пневмония)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:43 - (536 Оқылымдар)

Ауыр жіті респираторлық синдромы (АЖРС, атиптік пневмония) – бұл вирустық респираторлық ауру. Әлемде АЖРС ауруына шалдыққан адам ең алғаш 2003 жылы Азияда тіркелді. Бұл вирус эпидемиясы тоқтатылғанға дейін, бүкіл әлемге бірнеше айдың ішінде таралып кеткен болатын.

Айналшық сызаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:36 - (354 Оқылымдар)

Айналшық сызаты – бұл айналма бұлшық еттің бойымен жағалай пайда болған жіңішке сызық, яғни, ол көтен ішектің тарылып, жиырылып тұратын (сфинктер) сыртқы бөлігінің аздап жыртылуы десе де болады. Мұндай жыртылулар, іш қатқан кезде аналдық жасушаларының зақымдануынан, немесе артқы тесік қысқышына шамадан тыс күш түсіп кеткенде пайда болады.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:32 - (98 Оқылымдар)

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты – деп ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақатын айтамыз. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуге және тізенің әлсіздігіне апаруы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.

Акромио-бұғаналық буынның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:29 - (71 Оқылымдар)

Акромио-бұғаналық буынның жарақаты – иықпен құлағаннан пайда болады.

Соған байланысты үш түрлі жарақат түрлері бар.

Акромио-бұғана буынының (иық аумағының) жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:27 - (95 Оқылымдар)

Акромио-бұғана буынының жарақаты – бұғананың жоғарғы ұшы жауырын ұшынан шығып, буынның жыртылуынан болады. Бұл жарақат көбінесе иықтан соққы алғанда, иықпен құлағанда немесе қолдың білезігін созып алғанда пайда болады.

Айналмалы манжет сіңірлерінің айқасып қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:02 - (146 Оқылымдар)

Қабынудан, сүйекке шыққан сүйелден немесе сұйықтық түзілу салдарынан айналмалы манжет сіңірлері сығылып, сүйекке қажалуынан айқасып қалу жағдайы туындайды.

Қолды бастан жоғары көтерген сайын айналмалы манжеткадағы супраспинальді сіңір мен сіңір үстінде орналасқан синовиальді қапшық латеральді беткейіндегі жауырын (акромион) қырының кері жақ бетімен сырғып кетеді.

Асқазаннің түйіліп ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:01 - (374 Оқылымдар)

Асқазаннің түйіліп ауруы – бұл жиі бола бермейтін, орны мен ауырлық дәрежесі өзгермелі, тұрақсыз ауру сезімі. Бұдан үлкен қолайсыздық туындайды, бірақ іштегі газдарды босатып немесе ішекті жеңілдеткенде ауруы қойып қалады. Сондықтан бұл қауіпті жағдай болып есептелмейді. Іштің түйіліп ауруы – іш қату мен іш өтудің себебінен болып жатады, мұны үйде де емдесе болады.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:41 - (70 Оқылымдар)

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - деп, бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің, қан тамырлардың және сүйектердің жабық кеңістікте (аноматикалық куыста) ісініп, бірақ сол ісікке лайықты түрде керіле алмай қалған жағдайын айтады. Ісіктің қан тамырларға және жүйке жүйесіне, күре тамырға түсетін қысымы қатты ауыртады, бұлшықеттер мен жүйке жүйесіндегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына соқтырады

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-19 11:24 - (16185 Оқылымдар)

АИТВ деген не?
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) адамның иммун жүйесіне шабуылдайды. Негізі қалыпты иммун жүйесі адамды түрлі аурулардан қорғап тұрады.

Тілді таңдау