Жүктелуде...
 

Афтозды стоматит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:25 - (96 Оқылымдар)

Афтозды стоматит – ауыз қуысында ақ-қызыл түсті дөңгелек дақтардың пайда болуын айтады. Мөлшері 1-2 мм-ден басталып 1 см-ге дейін жетеді.Көбінесе афтозды жаралар тілде, ұрттың және еріннің ішкі бетінде, таңдайда пайда болады.Герпес вирустарынан айырмашылығы бұлар жұқпалы емес.

Афтозды стоматиттер әр түрлі жастағы әйел адамдар да көбірек кездеседі.Жараның пайда болу себептері толыққанды белгілі емес, бірақ ауыз қуысына инфекцияның түсуі, күйзеліс, тұқым қуалау және әйелдік гормондар әсерінен пайда болуы мүмкін. Жара қалыпты жағдайда 7-10 күн ішінде жазылады, егер жараның мөлшері 1 см-ден үлкен болатын болса, онда жазылуы 2-4 аптаға дейін ұзаруы мүмкін.

Асқазанның қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:03 - (13187 Оқылымдар)

Асқазан ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ол қабырға аралығы, іштің жоғарғы бөлігіне орналасқан толық бір мүше болып табылады.

Асқазанның қабырғасы 5 қабаттан тұрады:

• Ішкі қабат (шырышты): Бұл қабатта ас қорытатын сөлді өндіретін ас қорыту бездері орналасқан. Асқазанның көптеген қатерлі ісігінің түрлері осы қабаттан басталады.
• Шырышасты қабаты: оның негіз қызметі асқазанның шырышты қабатына анатомиялық демеу беру болып табылады.
• Бұлшықеттік қабат: бұл асқазан бұлшық еттері, олар тарылады, ішілген тамақты қорыту үшін асқазанның толқи жиырылуын тудырады.
• Сірліасты қабаты: Сыртқы қабатқа анатомиялық демеу беретін негізгі функцияны атқарады.
• Сыртқы (сірлі) қабық: Сыртқы қабық асқазанды жауып тұрады және оның құрсақ қуысында фиксациялық орналасуына жағдай жасайды.

Тамақ (ас) өңеш арқылы өтіп, асқазанда шайқалады. Асқазан сұйықтық консистенциясын шығарғанда тамақ дымқылданады және уатылады. Содан кейін асқазанда жиналғандар ары қарай қорытылу процессін жалғастыру үшін аш ішекке түседі.

Ауызда пирсинг болған жағдайда мүмкін болатын проблемалар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:03 - (103 Оқылымдар)

Ерін, тіл, беттің ішкі жағында пирсинг болған жағдайда, мынадай асқынулар туындауы мүмкін:

• Ауырсыну;
• Қансырау;
• Пирсинг аймағының жұқпалануы;
• В гепатиті, С гепатиті, АИТВ, сифилис секілді инфекциялар;
• Сөйлеуде қиындықтардың болуы;
• Шайнау және жұтуда қиындықтардың болуы;
• Тістің зақымдалуы, үгілуі, бұзылуы немесе сызаттар;
• Тыртық тін;
• Жұтқыншақтың бітелуіне әкелетін ісіктер.

Аяқ-қол веналарында туындайтын проблемалар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:25 - (90 Оқылымдар)

Терінің беткейінде орналасқан вена қабынуы мүмкін. Аталмыш жағдай кез келген венада болуы мүмкін, бірақ көбінесе балтыр веналарында орын алып жатады. Бұл жағдай беткей тромбофлебит деп аталады.

Асқазан-өңеш рефлюксі (Гастроэзофагельді рефлюксті ауру)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:55 - (477 Оқылымдар)

Асқазан-өңеш рефлюксі – асқазан мен өңешті бөліп тұратын асқорыту қысқышының (бұлшықеттік тығын) жұмысының бұзылысынан туындайтын жағдай. Бұл асқазанда түзілетін асқазан қышқыл сөлінің өңешке құйылуымен сипатталады.

Агаммаглобулинемия (Брутон ауруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:17 - (190 Оқылымдар)

Агаммаглобулинемия немесе Брутон ауруы – тұқым қуалайтын ауру. Бұған шалдыққан адамның ағзасынан иммуноглобулин немесе антидене деп аталатын саны аз иммундық молекулалар бөлінеді. Негізі олар, ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғау үшін бөлінетін. Ал мұндай ақаулы антиденелердің бөлінуінен ағзаға түрлі инфекциялар түсіп, зақымданады.

Артық салмақ

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:07 - (289 Оқылымдар)

Артық салмақ – бұл салмақ пен бой пропорцияларының бұзылуы. Салмақтың көбеюі көбінесе артық тамақтанудан немесе физикалық жаттығулардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ гормоналды және зат алмасудың бұзылуымен байланысты. Артық салмақ денсаулыққа үлкен зиян әкелуі мүмкін.

Ауыз қуысының қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:14 - (198 Оқылымдар)

Ауыз қуысының қатерлі ісігі ерінге немесе тілге әсер етеді. Ол сондай-ақ: беттің шырышты қабықшасына, ауыз қуысының сыртқы жағына, қызыл иекке, таңдайға әсер етуі мүмкін.

Ауыз қуысының обырының көпшілігі жалпақ жасушалы ісікпен байланысты болып келеді. Мұндай қатерлі ісік өте тез таралады.

Ауыз қуысының қатерлі ісігінің көпшілігі темекі мен оның басқа да түрлеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ, ондай зинды заттардан қатерлі ісікке шалдығу қаупі артады.

Алкогольдің әсері жайында

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-15 04:53 - (780 Оқылымдар)

Алкогольді тұтыну қаншалықты қызық болғанымен, ол ағзамызға соншалықты зиянды болып табылады. Бұл алкогольдің тұтынылатын мөлшеріне, адамның жасы мен басқа да факторларына, сондай-ақ белгі бір жағдайға байланысты. Алкогольді тұтынудың зиянды әсерлері баршамызға да белгілі. Бұл бауыp циррозының, асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің дамуына, қан қысымының жоғарлауына, сондай-ақ жарақаттар мен зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Алкогольге деген сезімталдығы жоғары адамдарға оны мүлдем қолданбау ұсынылады. Сондай-ақ, олардың қызметінің сипаты бойынша қозғалыстарды үйлестіруді және назар аударуды қажет ететін адамдарға алкогольден бас тарту ұсынылады.

Аяқтың бас бармақ бурситі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 08:23 - (2506 Оқылымдар)

Аяқтың бас бармақ бурситі (буынаралық қалтаның қабынуы) – бұл бас бармақтың басқа саусақтардан қарама-қарсы жаққа қарай ауытқуы. Бұл аяқтың бас бармағының үстіңгі жағына дөңестің түзілуімен сипатталады.

Тілді таңдау