Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Жаңа туылған ұл балалардың салмағы анасының стресс гормонымен байланысты болып шықты
Ғалымдар жаңадан туылған сәбидің дене салмағының тым төмен болуының себептерін анықтады – ұл балалардың орташа салмағының шамамен 38 грамдай болуының бір себебі: оның анасының бір кездері (физикалық немесе психологиялық жағынан) жарақат алуының салдарынан, күйзелістік кортизол гормонының шығып кетуінен екен. Зерттеу еңбегі «The Journal of Pediatrics» журналында жарияланды.
Нәрестелердің жүріс арбасы қауіпті деп танылды
Балаңыз жүріс арбасымен талтаңдап жүріп кетеіп бара жатқанын сырттан бақылап тұрсаңыз, бейне бір комедия тамашалап отырғандай күйге енесіз. Алайда, жыл сайын стационарлардағы төтенше жағдайлар бөлімшелеріндегі балалардың мыңдаған жарақаттары осы жүріс арбасын қолданғаннан орын алып жатады екен, педиатрлар соңғы он жылда бұл танымал құралды қолдануға тыйым салуды талап етіп келеді.
Жаңа тағам өнімдері қалай семіздікке әкеледі
Тәбет сезімі әр түрлі гормондармен және биологиялық белсенді заттармен басқарылады, олар мидағы ашырқану пен тойу «орталықтарына» әсер етеді. Бұл заттардың кейбіреулері («тою факторлары») мидағы тоқтық «орталығын» қоздырады, себебі жақсы тамақтанатын адам тамақтануды тоқтатады. Мұндай зат лептин гормоны болып табылады.
Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады
Бүгінгі күні біздің өмір салтымыз өзгерді, және ол біздің тек нені қалай жеп жатанымызға , сондай-ақ қалай өмір сүріп, не ойланамызға байлаға байлнысты емес, одан да бөлек бір кейіпте. Бүгінде әрқайсымыздың өміріміз жасандылыққа толы, біз дұрыс тамақтанбаймыз, қжетінше қозғалмаймыз, жақсы ұйықтамаймыз осылардың өзі біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымыз үшін өте кереғар болып саналады.
Холестерин деңгейінің көтерілуі және оны қалай дәрі-дәрмектердің көмегі мен салауатты өмір салтын ұстана жүріп бақылап отыруға болады
Холестерин - ағзадағы жасушалар құрамында болатын және суда ерімейтін балауыз түріндегі зат. Бұл қажетті зат, себебі бұл жасушалар мен көптеген гормондар үшін маңызды құрылыс материалы.
Әйелдің әдемілігі гормондармен байланысты емес
Жаңа зерттеулерде физиологиялық жағынан тартымды жас әйелдердің эстрадиол және прогестерон секс-гормондарының деңгейі жоғары болады дегенге ешқандай негіз табылмады.
Қазақстандықтар атеросклерозды қоздыратын өнімдерді көп тұтынады
Атеросклероздың (тамырдың қабырғаларына холестериннен құралған атеросклеротикалық түйіндердің түзілуінен туындайтын ауру) дамуына себеп болатын тағамдар құрамы атерогенді деп аталады.
Сарапшылар арықтағаннан кейін салмақты қалыпты ұстап тұруға арналған тиімді диетаны жариялады
Бостон балалар ауруханасында зерттеуші Кара Эббелинг және оның әріптестері үш түрлі диетаны салыстырды (майлылығы төмен, көмірсулылығы төмен немесе төменгі гликемикалық диеталар), осылардың қайсысы арықтағаннан кейін салмақ түсіп кетудің алдын алатытын және денсаулыққа қауіпсіз болатындығын тексеріп көрді.
Мерзімсіз өлім қаупін азайтатын өнім
Ағылшындар «күніне бір алма жесең – дәрігердің қажеті болмайды» деген, белгілі тәмсілі көп жылдық зерттеулерге негізделіп айтылған. Бұл мәтелді Оксфорд университетінің зерттеушілері де қуаттайды. Іздестірілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері British Medical Journal-ында жарияланды.
Қыжылдан құтылудың қарапайым тәсілдері
Қыжыл – көкіректі күйдіріп, кеудені ашытатын жағымсыз жайт. Дәрігерлер оны гастроэзофагеальді рефлюкс деп атайды. Ол асқазандағы сұйықтықтың өңешке көтерілген кезінде пайда болады.
Адам денсаулығына табиғат қалай әсер етеді
Көптеген зерттеулер табиғат пен денсаулық арасындағы қарым-қатынасқа негізделген кейбір механизмдерін түсіндіре өте, табиғаттың әсері мен денсаулықтың жақсаруы арасындағы байланысты анықтады.
Ұялы телефондар терідегі пигментті дақтарды одан сайын көбейтеді
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 19 жыл бойы ми ісіктерінің әртүрлі түрлері жайында жалпы мәліметтерді саралай келе, кейінгі уақыттарда мобильді байланыстың жаппай дамуы басталғаннан бері мидың қатерлі ісігіне шалдығудың өршімегенін қорытынды етті.
«Пластикалық ойыншықтар мен косметикалар сәбилердің сөйлеу аспектілерінің тежелуіне әсер етеді» дейді ғалымдар
Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша, егер де жүкті әйелдер ерте кезеңінде немесе кейінгі уақыттарда фталат деп аталатын өте кең таралған химиялық заттың әсеріне ұшыраған болса, олардың болашақ сәбилерінің сөйлеуі кешеуілдейді екен.
Тұңғыш рет қайтыc болған донордың жатырын cалған әйелден бала туылды
Бразилиялық дәрігерлер әлемде тұңғыш рет инсульттан қайтыс болған әйелдің жатырын баcқа әйелге сәтті трансплантациялады, кейіннен ол әйелден сау бала туылған.
Мұрын арқылы тыныс алу есте сақтау қабілеті үшін пайдалы болып танылды
Швециядағы Karolinska Institutet-тың жаңа зерттеулері бойынша мұрын арқылы тыныс алу сіздің жадыңызды жақсарта алатын көрінеді. Ғалымдар 19-25 жас аралығындағы 24 қатысушыдан мұрын арқылы тыныс алдырып білетін және білмейтін иістерін ажыратып айтуын сұрады, кейін дәл осылай ауызбен дем алдырды. Зерттеу нәтижесінде, қатысушылар ауызын жауып тұрып тыныс алғанда сезген иістерін бір сағат үзілістен кейін дәл сол күйінде екі есе жақсырақ естерінде ұстаған екен.
Баланың болашақтағы әлеуметтік мәcелелеріне, мақcат-мұратына жетуіне емізу айтарлықтай әсер етеді
Емшек сүті - баланың тек физикалық cаулығын нығайтумен ғана шектелмейді. Көп жылғы зерттеулер (бірнеше жылдар бойы белгілі топтардың зерттеген зерттеулері) дәлелдегендей, емшек сүті бала өмірінің көптеген салаларына, соның ішінде психоәлеуметтік жағына оң әсерін беретін көрінеді.
Тұмау: қалай алдын аламыз және онымен қалай күресеміз
Суық түскен уақытта адамдардың көпшілігі тұмауратады және суық тиіп ауырып жатады. Ендеше біз алдымен адамға неге суық тиеді және тұмаудан қалай құтылуға болатындығы жайында әңгіме өрбітетін боламыз.
Салауатты өмір салтын сақтау бойынша 7 кеңес
Салауатты өмір салты деген жаттығу залдарында көп сағат бойы жаттығу немесе тек салат жапырақтарымен ғана тамақтану дегенді білдірмейді. Біздің айтайын дегеніміз, күнделікті өмірде жеңіл қолданылатын қарапайым және салауатты әдеттерді қалай дамыту керектігі жайында болмақ.
Біз неге шаршаймыз және шаршамас үшін не істеген жөн
Кез келген адамда шаршау сезімі болады. Кейде ондай сезімдер ауыр жұмыс күндерінде, түнгі телебағдарламаларды көргенде, әлеуметтік желілерде ұзақ отырғанда немесе достармен ұзақ уақытқа созылған отырыстардан орын алып жатады.
Ғалымдар холестериннің көтерілуіне еттің қандай байланысы барын анықтады
Майсыз қып-қызыл етті, мысалы құрамында холестерині аз әрі майы жоқ сиыр етінің өзін пайдаланғаннан жүрек-қантамырлары ауруларына ұшыраудың қаупі бар. Бұл Огайодағы Кливленд клиникасынан келген ғалымдардың ұйғарымы.
Ғалымдар өкпе обырын бастапқы кезеңінде-ақ диагностикалаудың жолын тапты
Лос-Анджелестегі Калифорния Университетінің, Солтүстік Каролинадағы Чапел Хилл университетінің, Дэвид Джеффен Медицина мектебінің және Лос-Анджелестің денсаулық сақтау департаментінің медициналық бөліміндегі америкалық ғалымдар тобы аурудың бастапқы кезеңдерінде ағзада көрініс беретіін өкпе обырының әлеуетті биохимиялық маркерін анықтады.
  • 1
  • 2
  • 3 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау